«КӨГІЛДІР ОТЫН» ЕЛДІ МЕКЕНДЕРГЕ БАРАДЫ

47

0

«КӨГІЛДІР ОТЫН» ЕЛДІ МЕКЕНДЕРГЕ БАРАДЫ

«Сыр Медиа» ЖШС жанындағы облыстық
телекомуникациялар орталығында өткізілген брифингке облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылық
басқармасының бастығы Ержан Әб­діқалықов келіп, ақпарат құрал­да­рының
өкілдеріне салада атқарылып жат­қан жұ­мыстар
туралы айтып берді. Әлбетте, мұнда аймақ тұрғындары елеңдей күтіп отырған елді
мекендерді газдан­дыру мәселесі де та­қы­рыпқа тамызық болды

«КӨГІЛДІР ОТЫН» ЕЛДІ МЕКЕНДЕРГЕ БАРАДЫҚаланың шет аймақтары мен облыстың елді мекендерін
газдандыру ісі таяу уақытта басталып, алдағы 1-2 жылда өңірдің 21 елді мекені
газбен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы брифингке келген басқарма басшысы
Е.Әбдіқалықов тарқатып айтты.

Қызылорда қаласына қарасты Қызылжарма ауылдық
округі мен Тасбөгет кентінің шет аймақтарын газдандыруға осы жылы ел
қазынасынан 1,2 млрд. теңге қаражат бөлініп, бүгінде аталған қоныстарда
кварталішілік газ құбырларының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұған брифингтен
соң ұйымдастырылған нысандарды аралау сәтінде куә болдық. Қос елді мекендегі
құрылыс жұмыстары алдағы жылы аяқталады. Сол кезде Тасбөгеттегі 13 мың, ал,
Қызылжарма ауылындағы 8 мың тұрғын «көгілдір отын» игілігін көретін болады.

Мұнан өзге таяу арада облыстағы 5 ірі елді мекенде
газдандыру ісі басталады. Облыс әкімдігі мен «ҚазТрансГазАймақ» АҚ арасында өткен жылдың мәресінде жасалған
меморандумға сәйкес, маусым-шілде айларында 4 аудан орталығы (Арал қаласы мен
Әйтеке би, Шиелі мен Жаңақорған кенттері) және Байқоңыр қаласына
автоматтандырылған газ тарату стансаларының құрылысын жүргізу мен кварталішілік
газ құбырларын салу, сондай-ақ Қызылорда қаласында бұрын газ құбырына
қосылмай қалып қойған тұрғын үйлерге
газ жеткізу жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа аталған компания биыл 23 млрд. теңге
қаражат бөледі. Міне, осы жұмыстар табысты жүзеге асқан жағдайда облыс халқының
58 пайызы газбен қамтылады, яғни, 160 мың тұрғын «көгілдір отынның» игілігін
көретін болады. Осы күні аймақ
тұрғындарының 35 пайызы, яғни облыс орталығының халқы ғана арзан газдың
тиімділігін сезінуде.

«КӨГІЛДІР ОТЫН» ЕЛДІ МЕКЕНДЕРГЕ БАРАДЫБұған
қоса, алдағы жылы қала іргесіндегі Белкөл, Қарауылтөбе және Талсуат ауылдары
газдандырылатынын атап өткен жөн. Ал, үстіміздегі жылы Жосалы, Сексеуіл,
Тереңөзек кенттері мен М.Шоқай елді мекенінде АГРС құрылысын салу ісі
басталмақшы. Жалағаш және Тереңөзек кенттері мен М.Шоқай, Бала би, Тартоғай
елді мекендерінің кварталішілік газ құбырларының жобалау құжаттамаларын әзірлеу
жұмыстары енді басталады.

Аймақтың
елді мекендерін электр қуатымен қамтамасыз ету жайы да маңызды мәселелер
қатарында. Өйткені, соңғы 20-25 жылдан бері күрделі жөндеуден өткізілмеген
біздегі 9 мың шақырымнан астам электр желілері мен қосалқы станциялардың басым
бөлігінің тозығы жетіп, көнерген. Энергетика саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы тарқатқан Ержан Қыпшақбайұлының
айтуынша, соңғы жылдары сала нысандарын жаңғыртуға және қайта жаңғыртуға
қазынадан қомақты қаражат бөлініп, ауқымды жұмыс атқарылуда. Мәселен, 2011-2013
жылдары бюджеттен 4,3 млрд. теңге қаржы бөлініп, нәтижесінде 3 дана 35/10
қосалқы станция, 200 шақырымға жуық электр желілері қайта жаңғыртылып, 7 дана
тарату пункті мен 19 дана трансформатор орнатылған. Келер жылы Арал және Қазалы
аудандарының басты қосалқы станцияларын қайта жаңғырту жобасы қаржыландырылады.
Жобаның жалпы құны – 2,5 млрд. теңге. Ал, биыл өңірдегі энергетикалық жобаларға
ел қазынасынан 870 млн. теңге қаралып отыр.

«Қызылордажылуэлектрорталығы» кәсіпорны
жанында ілеспе газдан электр қуатын өндіретін жалғыз газтурбиналық станция бар.
2004 жылы Елбасының тапсырмасына сәйкес «Қызылорда қаласының жылу қуат көздерін
және тұрғын үй секторын ілеспе газға көшіру» жобасы басталғаны мәлім.
Нәтижесінде шаһар 95 пайыз газбен қамтылды. Ең бастысы, қалада 2005 жылы 50 МВт электр және 90 Г/калориялық
жылу қуаты бар когенерациялық газтурбиналық стансасы пайдалануға берілді.
Бүгінде аталған кәсіпорын аймақтың жалпы энергия тұтынуының 45 пайызын ғана
жабуда. Ал қалған қуат сырттан сатып алынады. Осы орайда, Жаңақорғандағы
«CKЗ-U» ЖШС қарасты күкірт қышқыл зауытын жобалық қуатқа шығару бойынша
жұмыстар жасалып жатқанын,ол толық қуатында іске қосылғанда «КРЭК» АҚ
желілеріне 12-13 МВт электр энергиясын босатуға мүмкіндік туатынын айта кеткен
орынды. Тағы бір жағымды жаңалық бар. Алдағы уақытта
«Қызылордажылуэлектрорталығы» мекемесінің базасында қуаттылығы 110 МВт болатын
газтурбиналық қондырғының құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Осы жобалар
жүзеге асқанда энергетикалық тәуелділіктен құтылатын боламыз.

Жылумен жабдықтау ісіне келсек, өткен 3
жылда осы салаға 1,7 млрд. теңге бөлініпті. Былтыр көпқабатты үйлерді ыстық
сумен қамту пилоттық жобасы қолға алынғанынан оқырмандарымыз хабардар болар.
Нәтижесінде Қорқыт ата көшесіндегі екі 40 пәтерлік тұрғын үйге ыстық су
берілді. Осы игі бастаманы жалғастыруға
биыл облыстық бюджеттен 200 млн. теңге тағы бөлініп отыр. Енді «Тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасы аясында жөндеуден
өткізілетін 40 көппәтерлі тұрғын үйді ыстық суға қосу жоспарланып отыр.

Көпқабатты
тұрғын үйлерді жөндеуге арналған бағдарламаның маңызын тұрғындар жақсы сезінді.
Өткен 3 жылда оған 1,2 млрд. бөлініп, 57 көпқабатты үйге жөндеу жұмыстары
жүргізілді. Биыл өзге өңірлерге бағдарлама бойынша 500-600 млн. теңгеден
бөлінсе, біздің облысқа 1,8 млрд. теңге, яғни 3 есе көп қаражат қаралып отыр.
Бұл қаржыға аймағымыздағы 81 көпқабатты үй жөнделмек. Әрине, алдыңғы кезекте
қаржы жетіспеушілігінен құрылыс тоқтап қалған облыс орталығындағы 28 үй
жөндеуден өткізілетін болады. Айта кетейік, 2015 жылы облыста 120-150 осындай
тұрғын үйді қайта жаңғыртудан өткізу
көзделіп отыр.

Ал, «Ақбұлақ» бағдарламасын жүзеге асыру
аймақта жоспарлы түрде жүзеге асуда. 2011-2013 жылдар аралығында салаға 17,8
млрд. теңге бөлініп, игерілген. Қазіргі кезде аймағымыздағы 262 ауылдық елді
мекеннің 185-і немесе 72 пайызы орталықтандырылған ауыз су көзіне қосылған. Бұл
жергілікті халықтың 94 пайызы сумен қамтамасыз етілді дегенді
білдіреді. Жалпы, Елбасының
тапсырмасына сәйкес, 2020 жылға қарай республика бойынша осындай
орталықтандырылған елді мекендер 80 пайызға жетуге тиіс.

 

Дәуіржан ЕЛУБАЕВ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз