КӨКІРЕГІМДЕ СЕЗІМ ОТЫ ЖАНАДЫ

78

0

Көз мүгедектерінің
дүниежүзілік күніне орай облыстық көзі нашар көретін азаматтарға арналған
арнаулы кітапхана мамандары соқырлар қоғамының клуб қызметкерлерімен бірлесе
отырып «Көкірегімде сезім оты жанады” атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Кешті
облыстық соқырлар қоғамының басқарма төрағасы Б.Тайманов, арнаулы кітапхана
директоры Р.Алдоңғарова ашып, зағип жандарды мерекелерімен құттықтады. «Көңіл
сәулесі – өмір сәулесі” атты көрме ұйымдастырылып, қонақтарға сыйлықтар
таратылды. Соңы концерттік бағдарламаға ұласып, Ә.Өмірбек, Ұ.Мәнтаева,
С.Абдрамановалар «Ана”, «Бақытты бол”, «Көзімнің қарасы” әндерімен көрерменді
риза етті.

П.ҚОШҚАРОВА,

кітапханашы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз