КЛАССИКАЛЫҚ ӘН КЕШІ

36

0

А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде облыстық филармония әртісі республикалық, халықаралық вокалистер конкурстарының жеңімпазы Назым Сағынтайдың классикалық ән кеші өтті. Кеште ҚР Мәдениет қайраткері К.Бота­баевтың жетекшілігімен Тұрмағамбет халық аспаптар оркестрі өнер көрсетті.

Назым үстіміздегі жылдың мамыр айында Ресейдің Волгоград қаласында өткен «Дельфийлік Волгоград-2014” атты І Еуропалық жастар дельфийлік ойындарында өнер көрсетіп, конкурстың «Алтын медалін” жеңіп алған болатын.

Өнер кешінде әнші өз репертуарындағы әндерді орындап, көрерменін жаңа орындауларымен қуантты.

М.МЕРЕЙ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз