ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР ЖҰМЫСЫ ЖҮЙЕЛЕНЕДІ

40

0

Жуырда
М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінің мәжіліс залында облыстық ішкі
саясат басқармасы мен «Қызылорда облысы Азаматтық Альянсы” қауымдастығының
мұрындық болуымен үкіметтік емес ұйымдар әлеуетін арттыру мәселелерін талқылау
бойынша дөңгелек үстел болып өтті. Онда
үкіметтік емес ұйымдар жұмысы және алдағы атқарылатын шаралары мен оны жүзеге асыру жайы қаралды.

Оған «Қазақстан Азаматтық
Альянсы” ЗТБ президенті Нұрлан Ерімбетов арнайы қатысып, өңірі­міздегі
үкіметтік емес ұйымдардың тыныс-тіршілігінен хабар­дар бо­лып, ал­дағы
атқарылар жұ­мыс­­тар­дың барысымен таныс­тыр­ды. Со­нымен қатар шараға қаты­су­шылардың
ұсыныс-пікірлерін де тың­дап, қойған сауалдарына жауап берді.

– Әзірленіп жатқан заң
жоба­сына байланысты еліміздің түкпір-түкпірінде болып, ондағы үкіметтік емес
ұйымдардың мүшелерімен кез­де­сіп, ұсыныс-пікірлерін тың­дап, бірлесе жұмыс
жасап келеміз. Міне, осындай шараның бірі Сыр елін­де жалғасын тауып жатыр. Үкі­меттік
емес ұйымдардың жұ­мы­сына байланысты көптеген мә­селелер бар, бірақ бәрі де
ретімен ше­шіліп келеді. Осы тұрғыда шет мемлекеттерде де болып, тәжірибе
алмасу мақсатында жұмыс жасап жатырмыз. Осыған орай жоғары жаққа кейбір ұсыныс
жаса­дық. Негізінен жыл сайын бір та­қырып қосып отырамыз, – деді Нұр­лан
Ерімбетов.

Сондай-ақ, дөңгелек үс­тел
ба­рысында «Ақбосаға”, «Ауған со­ғысы ардагерлері мен мүге­дек­терінің кеңесі”,
«Жігер”, тағы да басқа қоғамдық бірлес­тердің же­текшілері сөз алып, дайындалып жатқан заң жобасына
байланысты ұсыныстар мен пікірлерін жеткізді.

Сара ҚОРҒАНБАЙҚЫЗЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз