КҮМІС КӨМЕЙ КҮНСҰЛУ

61

0

КҮМІС КӨМЕЙ КҮНСҰЛУ

Шынашақтай кезінен домбыра шанағы мен көмей үнін үйлестірген Күнсұлу Түрікпен есімі бүгінде барша жұртқа танымал болып үлгерді. Сүлейлердің алтын сынығы Алмас Алматовтан дәріс алып дәстүрлі әншілік пен жыршылық әлеміне келген Күнсұлу бүгінде «Көрғұлы», «Алпамыс», «Қызжібек» эпостық жырларын таңға талмай жатқа айтатын сирек талант иесі.
15 ақпан күні, сағат 15.00-де халықаралық, республикалық байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпазы К.Түрікпен Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университетінде жеке концертін өткізбек. Осы бағдарламаға «Қорқыт құрамасы»,  Жанат Ермағанбетова, «АрҚаз» тобы сияқты танымал өнерпаздар да қатысады.
Жыр бұлағынан сусындаңыздар, сырбойылықтар.
Р.ДҮЙСЕНҰЛЫ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз