КҮН СӘУЛЕСІ ЖӘНЕ ЖЕЛ АРЗАН ҚУАТ КӨЗДЕРІ

49

0

Облысымызға іссапармен келген «Қазатом­өнер­кәсібі» Ұлттық атом компаниясы АҚ басқарма төрағасы Владимир
Школьник Шиелі, Жаңақорған аудандарында Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан
облысындағы осы салаға қатысты кәсіпорын басшыларымен жиын өткізіп, олардың
атқарылған шаруалар және алдағы жұмыс жоспары жөніндегі есептерін тыңдады. Соңынан
кейбір өндіріс орындарын аралап, жалпы жағдаймен танысты. Онымен бірге облыс
әкімінің орынбасары Ғ.Әміреев
болды.

Әуелі басқарма төрағасы «Қазатомөнеркәсібі» ҰАК АҚ-ның инвестициялық
мүмкіншіліктерінің орындалу барысын әңгімелеп, сирек кездесетін металдарды
өндіруде жаңа технологияларды қолдануға тоқталды. Осы орайда Владимир Школьник
баламалы қуат көздерін өндіру, оның ішінде күн сәулесі мен жел қуатының
артықшылықтары туралы сөз етті. Сондай-ақ, Шиелідегі «Уран­энерго» мекемесінің
жұмыс алаңындағы қондырғылар басында қазақстандық ғалымдардың тәжірибелерімен
танысуға мүмкіндік жасалды. Осы жерде жылу беретін насос қондырғыларының жұмысы
таныстырылдып, оның да артықшылықтары көрсетілді. Айта кетерлігі, қондырғылар
осындағы әкімшілік-тұрмыстық ғимараттарды жылытуды толық қамтамасыз етіп
тұр.

Осы күні Жаңақорған кентінде «Байкен-U» компаниясының қолдауымен
«Жалын» атты балалар бақшасы ашылды.
Бұл жобаны жүзеге асыруға 147 миллион
800 мың теңге жұмсалыпты. Ғимараттың ашылу салтанатында облыс әкімінің
орынбасары Ғ.Әміреев, «Қазатомөнеркәсібі» Ұлттық атом компаниясы АҚ басқарма төрағасы Владимир Школьник, «Марубени»
компаниясы филиалының бас менеджері Таданори Тобита қатысып, құттықтау сөз
сөйледі. Ал ата-аналар атынан Шынар Мақсұтқызы алғыс сезімін білдірді.
Кәсіпорын өкілдері мектепке дейінгі
балалар мекемесіне түрлі сый-сияпаттар
жасап, олардың қуаыныштарына ортақтасты.

Нұрмахан ЕЛТАЙ.

Шиелі,
Жаңақорған аудандары.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз