КОДЕКСТЕРДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР СӨЗ БОЛДЫ

54

0

Облыстық ішкі істер де­­пар­таментінде өткен се­ми­­нарда
Қазақстан Респуб­ли­­касының өзгерістер мен то­лықтырулар енгізілген қыл­мыстық,
қылмыстық-про­цес­тік, қылмыстық-атқа­ру және әкімшілік құқық бұзу­шылық туралы
кодекстер талқыланды. Семинар-кеңеске облыстық құ­қық қорғау органдары, про­куратура,
сот жүйесі, сараптама орталығының қызметкерлері, сондай-ақ үкіметтік емес ұй­ымдар
мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қа­тыс­ты.

Семинарды сөз сөй­леп ашқан департамент бас­ты­ғы­ның
орынбасары, поли­ция пол­ковнигі Нұрлан Анар­ба­ев аталған кодекстерге ен­гі­зілген
өзгертулер мен то­лық­тырулардың маңызына тоқ­тала келіп, күн тәртібімен та­ныстырып
өтті.

Бұдан соң мінберге көте­рілген Қорқыт ата атындағы
Қызылорда мемлекеттік уни­вер­ситеті «Құқықтану” кафед­расының аға оқытушысы
Мақ­сұт Қошманов кодекстерге өз­герістер енгізілуіне орай құқық қорғау
саласында еліміздің ха­лықаралық стандартқа жау­ап беру мәселесін сөз ет­се,
облыстық прокуратура бас­қар­масының аға прокуроры Оң­дасын Көмекбаев қылмыс­тық-процестік
кодекстің 30-та­рауында қаралған жасырын тергеу әрекеттері мен жедел іздестіру
іс-шараларының жүр­гі­зілу тәр­тібі және сотқа дейінгі тер­геп-жүргізу кезінде
«Жедел іздестіру қызметі туралы” ҚР Заңын қолдануға тыйым сал­ған өзгеріс жайлы
баяндап бер­ді.

Сондай-ақ жаңадан редак­цияланған кодекстердің сот жүй­есінде
алатын орны жайлы облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот
алқасы судьясы, заң ғы­лымдарының кандидаты Аман­келді Қожаниязов, қылмыстық
және қылмыстық-процестік ко­декстердің енгізілуіне орай құ­қық қорғау органдары
мен сот жүйесі арасында пай­да болатын процестік жа­ңа қа­тынастар турасында Қы­зылорда
қалалық №2 со­ты төрағасының міндетін атқа­рушы Абдуллажан Сайдуллаев, сотқа
дейінгі тергеп-тексеру жүргізудің жалпы шарттары және оны жүргізу кезінде про­куратура
органының, оның ішін­де процесс прокурорының өкі­леттігі жайлы қала проку­рорының
аға көмекшісі Жан­дос Жүсіпов баяндама жасады.

Түскі үзілістен кейін жаңа­дан редакцияланған ко­декс­терде
сарапшылар мен үкі­меттік емес ұйымдардың өкі­леттіктері жайлы облыс бой­ынша
сот-сараптама инс­ти­туты мамандары мен «Тұ­ты­нушылардың құқығын қор­ғау”
қоғамдық бірлестігі өкіл­дерінің баяндамалары тың­далып, талқыланды.

Бақтыбай БЕРДІБАЕВ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз