КОМИССИЯ МӘЖІЛІСІ

53

0

Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның 2013 жылғы екінші жартыжылдықта атқарылған жұмыстарын қорытындылау мақсатында кезекті отырысы болып өтті. Онда төрт мәселе қаралды.
Бірінші мәселе, облыс  аумағындағы ақпараттық-насихаттық топтардың жұмыс барысы жайында болды. Бұл туралы облыстық дін істері басқармасының басшысы Б.Камалов және облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Ж.Базартай хабарлама жасады. Сондай-ақ, өзекті мәселенің алдын алу бойынша тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының барысы жайын облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ә.Жарылқағанов баяндап, кеңінен түсіндірді. 
Мәжілісте облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Ж.Бақтыбаев нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын сөз етсе, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары, комиссия аппаратының басшысы М.Бәйімбетов комиссияның биылғы жылғы жұмыс қорытындылары мен 2014 жылы атқаратын жұмыс жоспарын таныстырды.
Жиында аймақ басшысы Қ.Көшербаев комиссия құрамына кірген мемлекеттік органның басшыларына тиісті хаттамалық тапсырмалар жүктеді.
Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз