КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ КЕМЕЛДІК КЕПІЛІ

51

0

Облыстық дін істері басқармасы дін мәселелерін зерттеу орталығының  ұйымдастыруымен Студенттер сарайында «Этносаралық және дінаралық келісімнің Қазақстандық үлгісі” тақырыбында «дөңгелек үстел” өткізілді. Оған құқық қорғау органдары, ұлттық-мәдени орталықтары, діни бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері және жастар қатысты. 
«Дөңгелек үстел” тізгінін ұстаған облыстық дін істері басқармасының басшысы Б.Камалов бұл басқосудың аймағымыздағы дінаралық және ұлтаралық қарым-қатынастарды нығайту барысында атқарылған іс-шараларды талқылау мақсатында ұйымдастырылып отырғанын тілге тиек етті. Ол бүгінгі таңда елдегі тұрақтылықты сақтауда Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызы зор екенін атап өтті. Жуырда өткен ассамблеяның ХХІ сесиясында Елбасы міндеттеген істерді жүзеге асыруда үлкен жауапкершілік жүктелген. 
Басқосуда баяндама жасаған Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Асылбек Жұмабаев мемлекетіміздің көрші елдермен салыстырғанда қай жағынан болсын көш ілгері екенін сөз етті. Себебі, тәуелсіз Қазақстанда ең бірінші ұлтқа, нәсілге, тілге, дінге қатысты алалаушылық жоқ. Олардың барлығының құқықтары тең дәрежеде қарастырылады. Қазіргі таңда 140 ұлт пен 17 конфессия өкілдері өмір сүретін республикамызда конфессияаралық келісімді нығайту басты міндет екенін алға тартты.
«Дөңгелек үстел” барысында  «Ақмешіт-Сырдария” мешітінің бас имамы Талғат Омаров, түрік ұлттық-мәдени бірлестігінің төрайымы Гулчин Гейдарова баяндама жасады. Соңында қатысушылар еркін пікір алмасты.
Айсәуле САҒАТБЕКҚЫЗЫ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз