КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДІҢ АЛДЫ ЫСТЫҚ СУҒА ҚОСЫЛДЫ

52

0

КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДІҢ АЛДЫ ЫСТЫҚ СУҒА ҚОСЫЛДЫОблыс әкімі Қырымбек Көшербаев биылғы халық алдындағы есепті кездесуінде жылу-электр орталығы мен газдандыру мәселелерін шешпей тұрып, қаланы ыстық сумен қамтамасыз етуге кірісу мүмкін емес екенін айтқан еді. Өйткені, біз ХХІ ғасырда, өркениетті дамыған елде тұрып жатырмыз. Соған сәйкес өмір сүру деңгейіміз де сай болуы керектігін тілге тиек етті. Міне, берілген уәде бойынша, ыстық су жеткізу жобасының алғашқы жұмыстары  басталып, оның игілігін бүгінде бірінші болып,Қорқыт ата көшесіндегі көпқабатты үйдің тұрғындары көруде. Әзірге бұл үйдің 5 пәтері ғана ыстық суды пайдаланып отыр.

Жалпы, республика бойынша Қызылорда қаласы орталықтандырылған ыстық су жүйесімен қамтылмаған облыстардың бірі болатын. Қазіргі таңда бұл күрделі мәселенің де күрмеуі тарқатылып, алдағы екі жыл ішінде ол түбегейлі шешімін табады. «Проект Сервис» ЖШС-ның пилоттық жобасы аясында Қорқыт ата көшесіндегі №138 «А», №138 «Б» екі тұрғын үйдің 40 пәтерін ыстық су жүйесімен қамтамасыз ету үшін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық құжаттамасы әзірленді. Оның сметалық құны 25 млн. теңгені құрайды. Аталған жоба Қызылорда жылу-электр орталығының өз күшімен жүзеге асқанын айта кету керек. 
Облыс әкімі 2014-2015 жылы қаладағы көпқабатты үйлерді толығымен ыстық сумен қамтамасыз етуге тапсырма берді. Оған облыс бюджетінен қаражат та бөлінді. Пилоттық жоба негізінде Қорқыт ата көшесіндегі 40 пәтерлі екі үй ыстық суға қосылды. Біз екі үйдің өжіресіне жылдам жылу алмастырғыш қондырғысын орнаттық. Осы арқылы көпқабатты үйді ыстық сумен қамтимыз. Бұл жерге арнайы насос орнатылған. Бұрындары қысым аз болғанда жоғары қабатқа су көтерілмей қалатын. Енді мұндай олқылықтар болмайды. Әзірге судың 1 текше метрі 250 теңге шамасында болады деп есептеп отырмыз. Тұрғындар жылу маусымы аяқталса да, ыстық суды үздіксіз қолдана алады. Өйткені, әр үйдің өжіресіндегі қондырғы арқылы ыстық су тоқтаусыз айналыста болады. Сондай-ақ есептегіш құрал да орнатылды. Ол жұртшылықтың қалтасына тиімді болады. Бұрынғыға қарағанда шығын аз кетеді,–дейді облыстық энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Асылбек Шәменов.
Қорқыт ата көшесі тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Олар алғашқылардың бірі болып, ыстық суға қол жеткізгендеріне дән риза. Осыған дейін «Аристонды» пайдаланып келген тұрғындар, ендігі уақытта электр энергиясына артық қаржы төлемейтін болды. Облыс орталығында 584 көпқабатты тұрғын үй болса, жоба шеңберінде олардың барлығы екі жыл ішінде ыстық сумен қамтылады.
Айсәуле ҚАРАПАЕВА.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз