КӨПКЕ ОРТАҚ КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕ

44

0

Жуырда облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен ономастика мәселесіне арналған облыстық семинар-кеңес өтті. Қалалық, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, тіл мамандарының қатысуымен өткен кеңесте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы аясында әзірленген нормативтік құқықтық акті мен ұлттық ономастика жүйесін одан әрі дамытудың негізгі қағидаттарын айқындау ономастикалық жұмыстың құқықтық негіздерін, қолданылу тетігін іске асыру мәселелері сөз болды.

Семинар-кеңесті басқарма бас­шысы Ә.Жарылқағанаов ашып, оно­мастика саласындағы өзгерістер жайлы таратып айтып берді. Одан соң ономастика және көрнекі ақпа­ратты бақылау бөлімінің басшысы А.Әбжәлиеваның баяндамасы тың­далды.

Мемлекеттік тіл саясатының негізгі бағыты саналатын оно­мас­тика саласында өзгеріс көп. Соның бірі, нысандарға атау беру бойынша «Қазақстан Рес­пуб­ликасының аумағындағы әуе­жай­ларға, порттарға, теміржол вокзал­дарына, теміржол стансаларына, мет­ро­политен стансаларына, авто­вокзалдарға, автостансаларға, физи­калық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі №395 қаулысы. Сонымен қатар, «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөлік­теріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқы­ның пікірін ескеру қағидасы» ту­ралы 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулы қабылданып, қолда­нысқа енгізілді.

Семинарда көтерілген мәсе­ле­ге байланысты Қорқыт ата атын­дағы Қызылорда мемлекеттік уни­вер­ситетінің аға оқытушысы, фило­логия ғылымдарының кандидаты Б. Боранбай өз пікірін айтты.

Шара барысында ұлттық оно­мастика жүйесін одан әрі да­мытудың негізгі қа­ғидат­тарын ай­қындау мәселесі де талқыланды.

Қызылорда облысының тілдерді дамыту басқармасының баспасөз қызметі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз