КӨПШІЛІК НАЗАРЫНА!

44

0

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Шиелі
ауданының орталығында Ұлы Отан соғысының ардагерлерін ұлықтау мақсатында «Тағзым
алаңы» салынуда. Тағзым алаңына ауданымыздан майдан даласына аттанған азматтардың
есімдері мәңгілікке жазылатын болады. Қазіргі таңда Ұлы Отан соғысына қатысқан азаматтарды
түгендеу жұмстары жүргізіліп, аудан әкімдігінің ресми сайтында арнайы парақша ашылып
(www.shieli.gov.kz), ардагерлер тізімі орналастырылған.
Осыған орай туған-туыстарыңыздың немесе сіз білетін Шиелі ауданынан ұрыс даласына
аттанған ҰОС ардагерінің есімдері тізімде
болмаса, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі №6 ғимаратта орналасқан «Шиелі аудандық
ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне
қажетті құжаттармен (ҰОС қатысқанын растайтын құжат, фотосурет) келулеріңізді немесе
мына Ovp.shieli@mail.ru электронды поштаға мәлімет
берулеріңізді сұраймыз. Байланыс
телефонымыз: 4-18-41.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз