КӨПШІЛІК СЕНІМІ КӨП МІНДЕТ ЖҮКТЕЙДІ

45

0

Жуырда «Нұр Отан” партиясы
облыстық филиалының мәжіліс залында «Бүгінгінің шешімі – болашақтың есігі”
тақырыбында партиялық жобаларды жүзеге асырудың аймақтық жиыны болып өтті. Оған
қалалық, аудандық партия филиалдарының жетекшілері мен бастауыш партия ұйымдары
мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

Шараның негізгі мақсаты –
партиялық жұмыстардың сапасын арттыру, бастауыш партия ұйымдарымен өзара
байланысты нығайту, өз ісіне деген жауапкершілікті күшейту мен қатар
жобалармен, бағдарламалардың уақытылы іске асыруын бағамдау болып табылды.

Жиынды «Нұр Отан”
партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Өлмесхан Болатбеков
ашып, партия филиалдары жетекшілерінің биылғы жылдың өткен мерзімінде
атқарылған жұмыстардың есебін тыңдады.

Алдымен сөз алған «Нұр Отан” партиясы Арал
аудандық филиалы төрағасының бірінші
орынбасары Алдаберген Жоланов аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға
кеңінен тоқталып өтті. Сонымен қатар, «Кедергісіз келешек”, «Бақытты балалық”,
«Бақытты отбасы”, «Ардагерлерді ардақтайық”, «Біздің ауыл” бағдарламалары
жүйелі іске асып, түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып келеді екен. Қоғамдық
тыңдаулар өткізіп, көпшіліктің мәселесін шешуге атсалысып отырады. Әсіресе,
«Нұр Отан” партиясы Жаңақорған ауданы филиалы төрағасының бірінші орынбасары
Мәжит Балқожаевтың жасаған баяндамасы көпшіліктің көңілінен шықты. Атқарылған
іс, шешілген түйін жетерлік. М.Балқожаевтың айтуы бойынша бүгінде партияға
деген халықтың сенім артқан. Бізге күнделікті қаншама арыз, өтініштер келіп
түседі. Келген арыз, шағымдарды қолдан келгенше қанағаттандыруға тырысамыз
дейді ол. Жақында мүмкіндігі шектеулі қыз балаға қажетті ем-домын жасау үшін
қомақты қаражат керек болған. Сөйтіп аудандық партия филиалына хат жолдаған.
Партия жетекшісі қыздың өнерлі екенін біліп, аудан орталығында, ауылдық
мәдениет үйлерінде жеке кешін өткізіп,
біршама қаржы жиналады. Сондай-ақ, жаны жомарт жеке кәсіпкерлерді де осы іске
тартқан. Нәтижесінде керекті қаражат жиналып, қыздың толық ем алуына жағдай
жасалған. Осы секілді мүмкіндігі шектеуі қаншама жандарға бірінің сауатын ашу
үшін білім алуына жағдай жасаса, енді бірін жұмысқа орналастырған, тағы бірін
компьютермен қамтамасыз еткен. Тіпті әлеуметтік жағдайы төмен бір отбасынаүй салып беруге атсалысып жатыр екен.

Ал, «Нұр Отан” партиясы
Қазалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қасқырбек Мәмбетжанов
аудан көлеміндегі партияның жұмысын айта келе, қоғамдық мәселені шешуде үлкен
рөл атқарып келе жатқандығын жеткізді.

Одан әрі «Нұр Отан”
қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мақсұт Баекеевтің
атқарылып жатқан жұмыстары тыңдалып, оң баға берілді. Соңғы уақыттарда қалалық
партия филиалына өткен жылмен
салыстырғанда өтініш, арыздар саны екі есеге артқан. Демек, келіп түскен
арыз-шағымдардың нәтижесі бар деген сөз.

Жиында бір байқағанымыз,
партияға деген халықтың сенімі күннен күнге артып келе жатқандығын аңғаруға
болады. Шара соңында «Нұр Отан” партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші
орынбасары Ө.Болатбеков жиынды қорытындылай келе, партия мүшелерін алдағы
уақытта да белсенді жұмыс жасауға шақырды.

Сара ҚОРҒАНБАЙҚЫЗЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз