Күріш өндірісімен ірі шаруашылықтар айналысу қажет

74

0

Облыс әкімі Қ.Е. Көшербаевтың Жалағаш ауданы
«АгроХолдинг» Байқоңыр» серіктестігінде
күріш жинау жұмыстарына арналған семинар-кеңесте сөйлеген сөзінен

Биылғы жылы облыс диқандары ауа райының қолайсыздығына қарамастан,
межеленген егіс көлемін агротехникалық талаптарға сай мерзімінде орналастырды.
Вегетациялық кезеңде барлық егіс көлемі суармалы сумен толық қамтамасыз етілді.

Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығын қолдауға үлкен мән беріліп келеді.
Yстіміздегі жылы егіншілік саласын субсидиялауға бюджеттен 5,2 млрд. теңге
қаржы бөлінді. Одан басқа, «Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша шаруашылық
құрылымдарына берілген несиелердің пайыздық ставкаларын субсидиялау, инвестициялық
субсидия тағы да басқа бағыттар бойынша шаралар атқарылуда.

Жаз бойы еңбектенген диқан қауымының ең­бегі
нәтижесінде барлық егілген 161,4 мың гек­тар егіс, оның ішінде 81,2 мың гектар
күріштің ба­сым бөлігінің жағдайы жақсы деп бағалануда. Ма­мандардың пікірі
бойынша күріштің өнімі был­тырғы (2013 жылы 49,9 ц/га) көлемнен кем болмайды
деген болжам айтылуда. Қазіргі уақытта барлық ауданда (қалада) осы дақылды
жинау жұ­мыстары толығымен басталып кетті.

Облыста құрылған күріш кластері аясында «АгроХолдинг»
Байқоңыр» ЖШС 42 ауыл шаруа­шылығы құрылымдарымен күріш салысын алдын ала сатып
алу жөнінде келісім-шарт жасасып, ша­руашылықтардың сұранысы бойынша егін егу
жұ­мыстары 809,9 млн. теңгеге қаржыландырды.

Осы қаржылардың есебінен биылғы жылы 14520 гектар күріш егілді, нәтижесінде
«АгроХолдинг» Байқоңыр» ЖШС элеваторына 16,2 мың тонна кү­ріш салысын қабылдау
жоспарланған. Бүгін осы астықты алғашқы элеваторға қабылдау шараларына өздеріңізбен бірге көріп
куә болдық.

Біз күріш шаруашылығын қолдай отырып, егін­шілік
саласын әртараптандыруды белсенді қол­ға алдық. Қазіргі уақытта облыста оның ал­ғы
шарттары жасалды. Ол шараларды атқару үшін бізге ғылыми бағдар, негіздемелер
қажет. Сон­дықтан егін шаруашылығын әртараптандыру ғылыми негіздемесін жасау үшін
Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерт­теу инс­титутына
түрлі қолдау жасалып келе­ді. Облыс әкімдігінің қолдауымен институт Крас­­­но­дардағы
бүкілресейлік ғылыми-зерттеу инс­титутымен, Фи­липпиндегі Дүниежүзілік күріш
институтымен, Иран­дағы күрішті ғылыми-зерттеу және Батыс және Орталық Азияда
білім тарату орталығы комитетімен әріптестік байланыс орнатып отыр.

Тағы бір бағыт – күріш өндірісімен айналысатын
шаруашылықтарды ірілендіру. Қазіргі уақытта облыста 371 астам күріш өндірісімен
айналысатын шаруашылық бар болса, оның 314 майда шаруа­шылық. (салыстырма
ретінде: Жалағаш ауданында биыл 20 мың гектар күрішті 116 шаруа­шылықтар еккен,
көршілес Сырдария ауданында осындай көлемдегі күрішті 17 ірі шаруашылық еккен).

Майда шаруашылықтардың қаржылық мүмкін­дігіне қарай
жерлерінің толық пайдаланбауына, өнімді өткізуде, техника алуда, т.б.
қиындықтарға әке­леді. Сондықтан, алдағы жылдары күріш өнді­рісі­мен ірі
шаруашылықтар айналысу қажет. Жер көлемі аз шағын шаруашылықтар әртараптандыру
бағытындағы жұмыстармен айналысқаны дұрыс. Оның негізгі себебі жақында Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан
өңірлерді мамандандыру (карта специализации) жүргізілді. Ол 2018 жылдан бастап
толық көлемінде іске асырылады. Сол себепті біздің майда шаруашылықтар бүгіннен
бастап өңірлік мамандандыру картасының талаптарына дайындалуы қажет.

Атап өту қажет, облыста кейбір ауыл шаруа­шылығы
құрылымдарында бағалы мал азығы жоңышқаның үлесі жалпы егіс көлемінің 52
пайызын құрайды (күріш 26%). Бұл көрсеткіштер әртараптандыру бағытындағы
мақсаттарымызға сай келеді. Сонымен қатар, бақша, көкөніс және көпжылдық
дақылдарды тамшылатып суғару тәсілімен егуде жұмыстар атқарылуда. Сондықтан
ғылыми ұсыныммен қатар, біз жергілікті жердегі
ауыл шаруашылығы мамандарының тәжірибесімен санасып, олардың
ұсыныс-пікірлерін өндіріске пайдаланғанымыз дұрыс.

Өздеріңіз білесіздер, біз өткен жылдан бастап, күріш
арамшөптеріне қарсы қолданылатын герби­цидтердің құнын субсидиялауға қол
жеткіздік. Арам­шөптерге қарсы өңдеу жүргізбей күріш да­қы­лынан жоғары өнім
алу өте қиын. Ол үшін хи­миялық өңдеуге пайдаланатын гербицид сапалы болуы
шарт.

Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалау біз үшін өте
өзекті мәселе. Сол себептен біз жылдан-жылға шаруашылықтар техника паркін
жаңалап келеміз. Атап айтқанда, 2011-2013 жылдары трак­торлар – 9,7 пайыз,
астық комбайндары – 17,5 пайыз, ауыл шаруашылығы техникалары – 18,7 пайыз және
автокөліктер 2,4 пайызға жаңаланған. Осы бағыттағы жұмыстарды әлі де белсендету
кажет.

Биылғы көктемде күріштен де басқа дақыл­дар­дың әр
гектарына төленетін субсидия көлемін көтеру туралы Сіздермен келіскен
болатынбыз.

Осыған байланысты, егіншілік саласын әртарап­тандыруды
ынталандыру мақсатында жергілікті
бюджеттен қосымша 1 млрд. 300 млн. қаржы бөлініп, күріштен басқа дақылдарға
төленетін субсидия нормалары өткен жылдармен салыстырғанда айтарлықтай
жоғарылатылды. Ол қаржы қыркүйек айының соңына дейін шаруашылықтарға төленетін
болады.

Сонымен қатар, 2015 жылы өсімдік шаруашы­лығын
әртараптандыру мақсатында күріштен басқа майлы, мал азғындық, дәнді дақылдар,
көкөніс, бақша мен картоптың егіс көлемін ұлғайту жөнінде облыс көлеміндегі
ауыл шаруашылығы құрылымдарымен меморандумдар
жасалынды.

Мұндағы мақсатымыз шаруашылықтарды ке­лер жылы егін шаруашылығын әртараптандыру,
күріштен басқа дақылдардың егіс көлемін ұлғайту, оған қажетті ауыл шаруашылығы
техникаларын, тұқым, тыңайтқыштар, материалдық құндылықтар сатып алуға
мүмкіндік туғызып, осы дақылдардың егіс көлемін ұлғайту болды.

Сондықтан, келесі жылы дақылдардың егіс көлеміне төленетін
субсидия нормасы ғылыми негіздерге сәйкес, ғалымдар және экономистермен келісе отырып әзірленді.

Жаңа норма бойынша субсидия төлегенде барлық
субсидиялық қаржының 67 пайызы күріш
егісіне (бұрын 97 пайыз болған), ал, 33 пайызы басқа дақылдардың егіс көлеміне
(бұрын 3 пайыз болған) тиісті болады.

Қорыта айтканда, қазіргі әлемде және көр­ші
мемлекеттерде қалыптасып отырған геосаяси жағдайға байланысты, еліміз үшін ауыл
шаруа­шылығын дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамта­масыз ету басты мәселе
болып отыр.

Өңірде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің
(бидай ұнынан басқа) толық мүмкіндігі бар. Осыған байланысты, облыстағы
дәстүрлі күріш дақылынан басқа да азық-түлік маңызы зор картоп, көкөніс, бақша
және майлы дақылдарды өндірістік негізде өсіруді, сонымен қатар жүгері, арпа
және мал азықтық дақылдар көлемін көбейтуді қолға алуымыз қажет. Ол өз
кезегінде облыс халқын азық-түлікпен жыл бойы қамтамасыз етуге және мал
шаруашылығына қажет сапалы жем-шөп қорын жасауға мүмкіндік береді.

Жаңа келіскендей, келесі жылы күріш дақы­лының 1 гектарына төленетін субсидия
норма­сын 23000 теңге көлемінде белгілеп, тамшылатып суару арқылы өсірілетін
дақылдарға субсидиялау шегіне дейін (1 гектарға жұмсалатын шығындардың 40 %-на
дейін), басқа дақылдардың әр гектарына төленетін субсидияларды 10 еседен астам
көлемге көбейтетін боламыз.

Осы арқылы алдағы жылдары, егін шаруашы­лығы саласында
күріш егісін бірқалыпты көлемде сақтай отырып, мал азығындық дақылдардың егіс
көлемін ұлғайту межеленіп отыр. Жоңышқа, мақсары, соя, сүрлемдік жүгері
дақылдарының егісін ұлғайту нәтижесінде мал шаруашылығын дамытуды қолға аламыз.
Сонымен қатар, гектар түсімділігін арттыру мақсатында, ауыл шаруашылығы дақылда­рының
сорттарын жаңалау, өндіріске жаңа агро­техникалық шараларды және суармалы суды
үнемді пайдалану жүзеге асырылатын болады.

Бүгінгі мәжілістің мақсатының бірі егілген егінді
ысырапсыз мерзімінде жинап алу. Ол үшін қолда бар ауыл шаруашылығы
техникаларының мүмкіндігі толық жеткілікті. Сонымен қатар, күзгі дала
жұмыстарын дизель отынымен қамтамасыз етуді басты назарда ұстауымыз қажет.

Ауа райын болжау орталығының мәліметі бойынша қыркүйек
айында жауын-шашын күтіліп отырған жоқ, яғни күріш жинау науқанына қолайлы
болады. Сондықтан, облыс бойынша күріш ору жұмыстарын 5 қазанда, бастыруды 10
қазанда аяқтауды жоспарлап отырмыз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз