КҮРІШ ЖӘРМЕҢКЕСІНДЕ КЕЛІСІМДЕРГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

43

0

Кеше облыстық «Алтын күз-2013» іс-шарасының соңында Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында дәстүрлі күріш жәрмеңкесі өткізілді.
Облыс орталығында өткізілген «Алтын күз» мерекесінен кейін өткізілген күріш жәрмеңкесіне облыстың маңдайалды шаруашылықтары, атап айтқанда «Жаңажол», «Сыр маржаны», «Ынтымақ», «Ақорда», «Қызылордаагросервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен «Абзал және К» толық серіктестіктерінің өндірген өнімдері көрмені көрушілер назарына ұсынылды.
Мұнан кейін облыстық күрішшілер қауымдастығының төрағасы Абзал Ералиев Қырғызстан Республикасынан келген «Агросоюз» ААҚ және «Чомаев» жеке кәсіпкерімен, сондай-ақ, еліміздің Павлодар, Атырау, Қостанай, Ақтөбе, Алматы және Астана қаласынан келген бизнес өкілдерімен өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.
А.АМАНЖОЛҰЛЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз