Күрішке орақ түсті

45

0

Күрішке орақ түстіЕгіншілік саласында
өзіндік дәстүрі бар Шиелі ауданында аптаның жұмасы күні биылғы күріш орағы
басталды. Үстіміздегі жылы аудан диқандары 24 мың гектардың үстінде екпелі
дақыл­дарды орналастырса, оның 8600 гектары күріш алқабы. Осындағы ірі ша­руашылық
құрылымдарының бірі – «Төң­керіс» шаруа қожалығы мың гек­тарға таяу Сыр
маржанын орналас­тырса, соның №1 бригадасы 430 гектар күрішке иелік
етуде. Осы Бауыр­жан Көпеев басшылық жасайтын бри­га­даның озат механизаторлары
жатка­шы – Еркебұлан Әбілпанов, Қайрат Жақсылықов және Мархаббат Әзизов, Әділ
Шәріп аудандағы алғашқы күріш орағын бастады.

Егін орағының басталу
салтанатында аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев құттықтау сөз сөйлеп, аудан
диқандарына сәттілік тіледі. Алдағы уақыттарда егіншілік мәдениетін арттыру
жолында тың ізденістердің қолға
алынатындығын айтқан әкім ауданның қазіргі даму барысына да тоқталып өтті. Жиын
барысында Еңбек Ері Шырынкүл Қазанбаева апамыз ақ батасын берсе, ауыл
ақсақалдары да өз тілектестіктерін білдірді.

Жиын-терімге кіріскен
механизаторлар мен диқандарға аудандық мәдениет бөлімінің қызметкерлері тамаша
концерт тарту етіп, көңіл күйлерін көтерді.

Нұрмахан
ЕЛТАЙ.

Шиелі ауданы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз