КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ КӨШПЕЛІ КЕҢЕСІ

50

0

Шиелі,
Жаңақорған аудан­­дарында облыстық кә­сіпкер­лердің көшпелі семинар-кеңесі
өткізілді. Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа
Жолдауынан туындайтын міндеттерді жамағатқа кеңінен насихаттап, нақтылай көмек
беруге арналған жиынға облыстық қаржы ресурстары мекемелерінің өкілдері, ау­дандардағы
кәсіпкерлер мен кіші кәсіпті қолға алуға үмітті ауыл тұрғындары қатысты.

Семинар-кеңесті облыстық өңірлік
кәсіпкерлер кеңесі төрағасының орынбасары Қайрат Боранбаев жүргізіп отырды.
Алғашқы болып Қызылорда облыстық кәсіпкерлік палатасының директоры Руслан Досмаханов Қазақстан Республикасының Президенті Н.На­зар­­баев­тың
Жолдауынан туындайтын «Ауылдық елді мекендердегі шағын және орта бизнестің қаржылай
ресурстарының қолжетімділігін тал­­дау­дың жаңа құралдары туралы» тақырыбы бойынша баяндама
жасаса, екінші болып сөз алған облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының
бөлім меңгерушісі Азамат Досжанов «Бизнестің жол картасы – 2020» аясында
кәсіпкерлікке көмек беру туралы» айтты. Сол секілді облыстық ауыл шаруашылығы
басқармасы бастығының орынбасары Омархан
Пашкенов, «ҚазАгроҚаржы» мекемесінің директоры Ораз Қарақожаев және басқа да осы
салаға қатысты құзырлы мекемелер өкілдері сала бойынша баяндама жасап,
жергілікті жерде өнім өндірумен қатар, өнімдерді өңдеу жұмыстары жайында
түсіндірме жасады. Жиынға қатысушылар да белсене қатысып, түсінбеген тұстарын
сауалдар беру арқылы толықтырды. Сондай-ақ, әр мекемеден келген мамандар орта
және шағын кәсіпкерік жұмысына қызығушылық танытушыларға олар­дың қалауы
бойынша арнайы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Методикалық нұсқауларды түсінуге
жәрдем етті. Бұл шара барысында Елбасының аймақтарда орта және шағын
кәсіпкерлікті дамытуға деген тапсырмасының нақты іс-қимыл арқылы қолдау
берілетіндігін байқатады. Тек енді ауыл-аймақ тұрғындарына бейімділігіне қарай
белсенділік пен біліктілік және істі соңына дейін жеткізе алатын төзімділік
қажет.

Жаңақорған ауданында аудан әкімінің
орынбасары Қ.Бүркітбаев семинар-кеңеске
қатысса, Шиелі ауда­нының әкімі Қ.Сәрсенбаев көптеген тақырыптардың түсінікті
түрде халыққа жеткізілуіне белсенділік танытып, жиынды өзі қорытты.

Н.Назымханұлы,

Шиелі, Жаңақорған аудандары.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз