КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛУДЕ

48

0

Жалағашта кәсіпкерлікті қолдаушы қаржы институттары
мен екінші деңгейлі банк өкілдері бас қосты. Олар аудандағы кәсіпкерлерге
мемлекет тарапынан қабылданып жатқан бағдарламаларды насихаттау және несие алу
бағытындағы жеңілдіктерді түсіндірумәселелерін сөз етті.

Кеңейтілген мәжілісте аудан әкімі Т.Дүйсебаев мемлекет
тарапынан қабылданған бағдарламалар аясында атқарылып жатқан ауқымды істерді
егжей-тегжейлі баян етті. Саралап айтар болсақ, мемлекеттік «Агробизнес-2020”, «Сыбаға”
бағдарламалары аясында ауылшаруашылық саласында серпі­ліс бары
байқалады. Яғни, егістік алқаптары жыл өт­кен сайын етек жайып келе жатса, төрт
түлік мал басы да көбейе түсуде. Ет-сүт өнімдерін өндіру ғана емес, өңдеу
жұмыстарына да бетбұрыс жасалуда екен.

Ал, «Бизнестің жол картасы-2020” мен «Жұмыспен қамту-2020” жол картасы
бағдарламасы шеңберінде аудан тұрғындарына қалтқысыз қызмет көрсететін 90
орындық «Жас­ұлан” балабақшасы, «Ақжол” қонақ үйі, «Ай-ару” техникалық қызмет
көрсету орталығы, 50 орындық «Ақ-Селеу” атты қоғамдық моншалар жұмыстарын
бастап кетті. Сондай-ақ, аудан тұрғындары арасындағы жұмыссыздық деңгейі де
төмендеп келеді.

Басқосуда «Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ Қы­зылорда
облысы филиалының директоры Ж.Матаев «Биз­нестің жол картасы-2020” бағдарламасы туралы
ақпарат берсе, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Д.Аб­саттаров
кәсіпкерлерді қолдау бағытындағы қызметтер туралы баян етті.

Сондай-ақ, «АгроНесиеКорпорациясы”, «Ауыл шаруа­шы­лығын
қаржылай қолдау қоры”, «ҚазАгроҚаржы” акцио­нерлік қоғамы, «Қазақстан
Республикасы стандарттау және сертификаттау институты және екінші деңгейлі
банктердің облыстық филиалының басшылары да өз салалары бойынша кәсіпкерлерге
мол мағұлматтар берді.

Е.АҚҚАЛИҰЛЫ.

Жалағаш ауданы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз