КӘСІПКЕРЛІКТІҢ КЕЛЕЛІ КЕҢЕСІ

37

0

Арал ауданында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, осы бағыттағы  атқарылуға тиісті жұмыстарды қамтыған келелі кеңес өткізілді. Оған облыс көлеміндегі кәсіпкерлік саласының өкілдері қатысты. Жиынды ашып, жүргізіп отырған аудан әкімі Абзал Мұхимов Елбасымыздың Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы басымдықтардың бірі ретінде шағын кәсіпкерлікті дамытудың маңыздылығына тоқталды. 
Тың бастама көтеріп, кәсіпкерлікпен шұғылдануға ниеттілер қатары ауданда жеткілікті. Жүздесуде жетістіктермен қатар кәсіпкерлік саласында қиындықтар да баса айтылды. Әсіресе, инвестициялық жобаларды қаржыландыру деңгейінің төмендігі, жобаларды жүзеге асыру барысында кедергілер кездесетіні, осының әсерінен кейде жоба бастамашылары бастаған істерінен бас тартып та жататыны, несиелік пайыздарды субсидиялау, кепілге қойы¬латын мүлікті бағалау мәселелері, сондай-ақ аудандағы екінші деңгейлі банк бөлімшелерінде арнайы несие мамандарының болмауы сынды мәселелер де назардан қалыс қалмады. Десе де, ел азамат¬тары қол қусырып отырған жоқ. Кәсіпкерлердің, оның ішінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің несие қаражаттарына қолжетімділігін арттыру мақсатында жоба бас¬тамашыларына кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 
Келесі кезекте аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Нұрлан Ахметов хабарлама жасады. 
Кеңеске арнайы шақырылған облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Дәуірбек Әбуов, «ҚазАгроҚаржы» АҚ облыстық филиалының директоры Оразбек Қарақожаев, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиалының директоры Сәкен Әбенов, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда филиалының директоры Мади Ибадуллаев,  «Даму» кәсіпкерлікті дамытуды қолдау қоры» аумақтық филиалының менеджері Қуатбай Матназаровтың қатысуымен аудандағы кәсіпкерлік және туризмді дамыту мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстар кеңінен талқыланды.
Отырыс соңында арнайы шақырылған кәсіпкерлік саласының мамандары аудан кәсіпкерлерімен жеке қабылдау өткізді. 
Жұмабек Табынбаев.
Арал ауданы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз