КҮЗДІҢ КӨРКІН АЙШЫҚТАҒАН КҮЗГІ БАЛЛ

65

0

Жуырда облыстық жас­тар саясаты мәселелері басқармасының «Жастарды қолдау орталығы» МКМ-ның ұйымдастыруымен С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде «Күз мереке, күз береке» атты жоғары және орта арнаулы оқу орындары арасында күзгі балл болып өтті.Сайысқабарлығы 13 оқуорнынан бір­неше топтар қатысты. Таныстыру, сән үлгісі, күлкілі бейнебаян, би сайысы бойынша бақ сынасқан сайыста жастар бар өнерлерін паш етті.

Күзгі балды өткізудегі негізгі мақсат – жоғары, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында білім алатын студент жастар арасында достық қарым-қатынасты арттыру, жастардың бойында мәдени және шығармашылық қабілетті қалыптастыру болып табылады, – деді «Жастарды қолдау орталығы” МКМ директоры Ж.Тұсмағамбетов.

Өздерінің біліктілігін, талғамдарының жоғары екендігін дәлелдей білген жастар сайысы көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Нәтижесінде Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжі – І орын, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті – ІІ орын және «Болашақ» университетінің колледжі мен Қызылорда медициналық колледжі ІІІ орынға ие болды.

Дода соңында жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.

М.ОТАРАЛЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз