ЛАЙЫҚТЫЛАР ЕҢБЕГІ БАҒАЛАНДЫ

45

0

Облыстық әділет департа­ментінің кадрлық қамтамасыз ету және жемқорлыққа
қарсы әрекеттер мәселелерін қараған жиынға ҚР Әділет министрлігі Кадр қызметі
департаментінің басшысы Қанат Тәжібаев қа­тысты.

Шарада министрлік өкілі Қанат Байболатұлы мен облыстық
әділет департаментінің басшысы Балайым Кесебаева саладағы жаңа заңдылықтар
турасында баяндама жасап, оған қатысушылар ой-пікірлерін ортаға салды. Жиын
барысында лайықтылар еңбегі бағаланды. Атап айтқанда, об­лыстық әділет департаменті
бас­шысының орынбасары Т.Ле­серов «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан
үлесі үшін” медалімен, Қызылорда қала­лық әділет басқармасы бас­шысының
орынбасары С.Ибраев «Әділет органдарының үздігі” төсбелгісімен марапат­талды.
Сондай-ақ, бір топ сала мамандары мен БАҚ өкілдері министрліктің Құрмет
грамотасымен марапатталды. Олардың арасында республикалық «Заң” және «Айқын”
газеттерінің облысымыздағы меншікті тілші­лері Бейбітбек Бүркітбайұлы мен Миуа
Байназарова да бар.

 

Бақтыбай БЕРДІБАЕВ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз