ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТІК – ЖЕМІСТІ ЖҰМЫС КЕПІЛІ

42

0

Қызылорда қаласындағы «Но­мад Палас” қонақүйінің мәжіліс за­лында «Чернобыль және Арал ба­лалары” қоғамдық қорының ұйым­дастыруымен «Аймақтың ынты­мақ­­тастық арқылы дамуы” бағдар­ла­масын жүзеге асыру аясында «Мүм­кіндігі шектеулі емес балалар үшін серіктестік құру” тақырыбында конференция болып өтті.

Жиынға мемлекеттік мекеме қыз­меткерлері мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты.

«Чернобыль және Арал балалары” қоғамдық қоры Қызылорда қаласын­да 2000 жылдан бері айрықша қажеттілігі бар балаларға әлеуметтік және құқықтық көмек көрсетумен ай­налысады. Азаматтық қоғамды да­мыту ассоциациясының қолдауымен 2013 жылы қоғамдық қор облыстық төрт бейіндік үкіметтік емес ұйымы кіретін аймақтық үкіметтік емес ұй­­ымдарының ассоциациясын құр­­­­ды. Олар атап айтқанда, Қаза­лыдан «Шапағат” қоғамдық қоры, қармақшылық «Аңсаған”, Шиеліден «Алақай-Нұр” және Тасбөгет кен­ті­нен «Көкжиек” қоғамдық бір­лестіктері. Ағымдағы жылы ассо­циация мүшелері арнайы оқудан өтті. – Алайда, ассоцияция жұмысының жандануы үшін және топтық проб­лемаларды шешу барысында мемле­кеттік, үкіметтік емес және ком­мер­циялық ұйымдардың серіктестік құ­ру қажеттілігі туындады. Кон­фе­ренцияның
басты мақсаты, мі­­не, осы. Яғни, мемлекеттік, үкімет­тік емес және
коммерциялық ұйым­дардың арасында әлеуметтік серіктес­тік орнатып, сол арқылы
мүмкіндігі шектеулі жандарды қол­дауға арналған Қазақстан Респуб­ликасының
мемлекеттік бағдар­ла­масын аймақта жүзеге асыруға ық­пал ету, – дейді қоғамдық
қордың ат­қарушы директоры Құралай Исаева.

Басқосуда
сөз алған облыстық ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары Әлімжан
Жарылқағанов елімізде мүмкіндігі
шектеулі жан­дар­ды қолдау бағытында атқары­лып жатқан жұмыстарға тоқталып,
конференция жұмысына сәттілік тілесе,
«ҚазГермұнай” БК ЖШС бас директорының экономика және қар­жы жөніндегі
орынбасары Жайық Махин және «Арго” қоғамдық ұйы­мының жетекшісі Мәдина Төле­пова,
өзге де қатысушылар мүм­кіндігі шектеулі жандарды қол­дау, әлеуметтік
әріптестікті дамы­ту бағытында атқарып жатқан жұмыстары жөнінде әңгімеледі.

Конференция
соңында тақырып­қа қатысты ұсыныс-пікірлер ортаға салынып, үндеу қабылданды.

 

Айнұр
БАТТАЛОВА.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз