ҮЛКЕН ОРАҚҚА ІЛКІМДІ ДАЙЫНДЫҚ

55

0

Елдегі еңбекші қауым үшін
сындарлы сәт туды. Еселі еңбектің өтеуі қайтатын уақыт келді. Облыстың бірқатар
шаруашылықтары пісіп тұрған егіске орақ сала бастады. Осындай жауапты кезең
алдындағы диқандар тіршілігі қалай болып жатыр? Облыс диқандары биыл мол өнімге
негіз қалауға үміттенеді. Олай боларлық жөні де бар. Диқандар биыл егіске ерте
қимыл жасады. Осының нәтижесінде егіс уақытылы егілді. Оларды күтіп-баптау
шараларына да баса назар аударылды.

Облыстық ауыл шаруашы­лы­ғы
басқармасының дерегіне сүйенсек, үстіміздегі жылы аймақта 161 мың гектардан
астам алқапқа егiс орналастырылды. Оның
ішінде дәндi дақылдар – 87061, мал азығы – 55456, картоп, көкөнiс-бақша –
18011, майлы және техникалық дақылдар 839 гектарды құрады. Облыс бойынша 81245 гектар күріш
дақылы егілді.

Соңғы мәлімет бойынша 715 гектар картоп, 1046 гектар көкөніс, 2362 гектар бақша, 160 гектар мақсары, 50 гектар жүгеріні жинау
жүргізілді. Соның нәтижесінде 11277 тонна картоп, 16340 тонна көкөніс,
36760 тонна бақша, 28 тонна мақсары, 150
тонна жүгері өнімдері қамбаға құйылды. Сонымен қатар, мал азығын дайындау
жұмыстары да жалғасуда. Атап айтқанда, барлығы 389,3 мың тонна шөп, оның ішінде
84,6 мың тонна жоңышқа шөбі және 304,7 мың тонна табиғи шөп әзірленді.
Мамандардың айтуынша, биыл күріш дақылының шығымы көңіл демдерліктей.
Диқандардың ала­жаз­дайғы тынымсыз еңбегінің нәтижесінде егілген күріштің 69,8
пайызы жақсы, 25,6 пайызы орташа және 4,6 пайызы ортадан төмен деп бағаланып
отыр.

Ә.ТҰРСЫНБЕКҰЛЫ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз