ҰЛТ ТАРИХЫН ҰЛЫҚТА

94

0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Қазақ хандығының құрылғанына – 550 жыл” тақырыбында қала мектептері оқушылары арасында ғылыми жобалар байқауы өткізілді. Байқауға қаланың 23 мектебінен 50-ге жуық оқушы қатысты.

Байқау мақсаты – оқушылардың ғылымға қызығушылықтарын арттырып, төл тарихымызға құрметін қалыптастыру. Екі кезең бойынша өткізілген байқаудың алғашқы сайысында «Қазақ хандығы мен Тәуелсіз Қазақстан” тақырыбындағы жазбаша-эссе жұмысы бағаланды. Екінші кезеңінде «Қазақ хандығының құрылғанына – 550 жыл” тақырыбында оқушылардың ғылыми жобалары топтық қорғау бойынша сарапқа түсті.

Байқау қорытындысы бойынша №101 орта мектептің оқушылар тобы – 1 командалық орын, №5 орта мектептің тобы – 2 орын, №12 орта мектептің тобы 3 орынды иеленді.

Сонымен қатар, байқау жеңімпаздарына дипломдар және бағалы сыйлықтар, қатысушыларға сертификаттар және ғылыми жетекшілеріне университет ректорының атынан алғыс хаттар тапсырылды.

М.АҢСАТОВА,

Қорқыт ата атындағы ҚМУ «Қазақстан тарихыкафедрасының профессоры.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз