ҰЛТАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ НАСИХАТТАЛАДЫ

93

0

Қызылорда облысы әкімі аппаратының
қоғамдық келісім орталығы үстіміздегі жылғы 3-7 қараша аралығында облыс
аудандарында ұлтаралық татулық
саясатын жүзеге асыру мақсатында шаралар ұйымдастыруда.

Ел бірлігін насихаттауға арналған шара
аясында жергілікті жерлердегі өзге ұлт өкілдерімен пікір алмасу, сондай-ақ
қоғамдық келісім орталығының таныс­тырылымы өткізіледі. Қоғамдық келісім
орталығы мен аудандық әкімдіктер бірлесіп ұйымдастырған шара барысында Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен «2015 жыл – Ассамблея жылы» деп жариялануына
орай бірлік, достық, келісім ұғымдарын басшылыққа ала отырып, татулық пен
тұрақтылықты қалыптастыруда атқарылар істерге назар аударылды.

Шакизат АБДРАМАНОВА,

қоғамдық
келісім орталығының баспасөз хатшысы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз