ҰЛТТЫҢ АЙНАСЫ –АНА МЕН БАЛА САУЛЫҒЫ

41

0

ҰЛТТЫҢ АЙНАСЫ –АНА МЕН БАЛА САУЛЫҒЫЕліміздің болашағын ұлт ретінде сақтап қалуын қамтамасыз ететін тамыры — ана мен баланың саулығын қамтамасыз ету. Дені сау ана ғана салауатты ұрпақты дүниеге әкеледі. Рас, тоғыз ай жүктілік кезінде әртүрлі зиянды әсерлерді басынан өткермеген әйел сирек. Ендеше, ана денсаулығын сақтау, тиісті қамқорлық көрсетуі мемлекеттің бірінші кезектегі әлеуметтік мәселесі болу керек. Елбасымыздың халыққа арнаған Жолдауында ана мен бала денсаулығына ерекше маңыз беруі тектен-тек емес.

Жүкті әйелді, оның алғашқы кезеңінен бастап босанып, қол-аяғын бауырына алғанға дейін денсаулығы қамқорлыққа алынуы тиіс. Қай ана болмасын, бала көтерер алдында және жүктілік кезінде емдік дәрі-дәрмектер, спирттік ішімдіктер, никотин, нашақорлық және басқа зиянды затқа жоламағаны абзал. Ал, жүктілік кезінде өзінің денсаулығына аса жауапкершілікпен қарап, жан-жақты емделуі – өзінің ғана емес, ұрпақ алдындағы міндеті. Сәби дүниеге келгеннен кейін жас ата-анаға үлкен міндет жүктеледі. Кейбір жас аналар сәбиге ана сүтінен гөрі, балаларға арналған қосымша сүтті беруді құп санайды. Оны ішкен бала әлжуаз, аурушаң болады. Себебі, ана сүтінің құрамында дәрумендер, микроэлементтер жеткілікті. Кемінде бір жасқа дейін нәресте тек қана емшек сүтімен қоректенгені дұрыс. Ана сүтінде альбумин деген белок бар, ол тез қорытылады. Сондай-ақ, оның құрамында баланың жетілуі мен өсуіне арналған заттың бәрі бар. Балаға өте кішкене кезінен қосымша тамақ бергенде, баланың әлі дамып үлгермеген ас қорыту мүшелеріне күш түседі, қорытып үлгере алмайды.
Бала өмірі және денсаулығы – бұл болашақ Қазақстанның денсаулығы. Елдің ертеңін ойлаған жан салауатты ұрпақ өсіруі тиіс.
Айнұр МАДАЛИЕВА,
қалалық перзентхана акушері.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз