ҰЛТТЫҢ РУХЫ АСҚАҚТАҒАН КҮН

49

0

ҰЛТТЫҢ РУХЫ АСҚАҚТАҒАН КҮН

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні. Жыл сайын тойланатын мереке Сыр
елінде «Біздің Ту, біздің Елтаңба, біздің Гимн!» атты мерекелік шеруден бастау
алды. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен қалалық ішкі саясат
бөлімінің ұйымдастыруымен болған шеруге шабандоздар мен көкпаршылар, байкерлер,
велошабандоздар қатысты. Сондай-ақ, «Даму», «Фольксваген», «Ниссан»
автоорталықтарының автокеруендері де өз үлестерін қосты. Мерекенің көркін
қыздырған шерушілер Тұңғыш Президент паркінен бастап, Сұлтан Бейбарыс, Жібек
жолы, Абай даңғылы, ҰЛТТЫҢ РУХЫ АСҚАҚТАҒАН КҮНА.Байтұрсынов, Қорқыт ата және Желтоқсан секілді қаланың
орталық көшелері арқылы жүріп өтті. Ерекше ықыласпен атсалысқан қаланың белсенді
жастары мен «Болашақ жастары» қоғамдық бірлестігінің мүшелері шеру барысында
қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй
сыйлады.

ҰЛТТЫҢ РУХЫ АСҚАҚТАҒАН КҮНШара мұнан әрі Орталық стадионда
өтіп жатқан облыстық «Менің Қазақстаным» патриоттық акциясына жалғасты. Акцияны
облыс әкімінің орынбасары Ақмарал Әлназарова ашып, жиылған көпшілікті айтулы
мерекемен құттықтады. 5 мыңнан аса қызылордалық қатысқан биылғы Рәміздер
күнінің басты ерекшелігі – «ҚазАвиаҚұтқару» акционерлік қоғамының әуекүштері
командирі, еврокоптер, ұшқыш Дмитрий Шульга, «Алматы-2” командасының капитаны,
спорт шебері Андрей Самсонов, парашютші Александр Кузнецев бастаған ұшқыштар
елдің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін туымызды тік ұшақпен әкеліп,
еліміздің көк байрағын көгімізде желбіретті. ҰЛТТЫҢ РУХЫ АСҚАҚТАҒАН КҮН«Көк тудың желбірегені» әнін
шырқатып, туымызды аспанда асқақтатқан бұл шара барша жұрттың патриоттық
сезімін оятып, елге, жерге деген құрметін еселей түскендей. Осылайша, айбынымыз
бен айбарымызды паш еткен мереке жергілікті өнерпаздардың ән-шашуларына ұласты.

 

М.ОТАРАЛЫ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз