ҰЛЫҚТАСАҚ, АНАНЫ ҰЛЫҚТАЙЫҚ

46

0

Осы тақырыпта Жалағаш
ауданына қарасты Аққыр ауылында аудан әкімдігінің қолдауымен «Қазақ тілі”
қоғамы аудандық филиалының ұйымдастыруымен гендерлік саясатты насихаттау
мақсатында тағылымы мол шара болып өтті.

Аққыр аулының іргетасының
қаланғанына биыл 50 жыл толып отыр. Осыған орай еңбек ардагерлеріне құрмет
көрсету мақсатында сан алуан іс-шаралар өткізілуде. Ауылдың ажарланып, ұрпақтарының
ұлағаттануына сүтімен нәр, тәрбиесімен тәлім берген аналардың еңбегі ерекше.
Содан да абзал жанды аналарды құрметтеу, олардың ерлікке пара-пар өмір жолдарын
ұрпақтарға ұлағат ету парыз.

«Ұлықтасақ, аналарды
ұлықтайық” атты сал­та­натты шараны аудан әкімінің орынбасары Қ.Мұс­тафаева
кіріспе сөзбен ашып, аналардың қоғамдағы орнының өзгелерден оқ бойы озық
тұратынын тілге тиек етіп, олардың ұрпақтарға тәлімді тәрбие берудегі өлшеусіз
еңбектерін атап өтті. Бір атап өтерлігі, бұл ауылда 33 алтын, 11 күміс алқалы
Батыр ана бар екен.

Салтанатты шарада жарыса
сөз алған еңбек ар­дагері, Батыр ана Дүйсенкүл Құтымышева, ауыл ір­ге­тасын
қалаған аналардың бірі Тазагүл апа, ша­руашылықтың сан түрлі саласында бел буа,
білек тү­ре еңбек еткен Алмаш Сайымбетова, Дүйсенкүл Жақ­­сымова, Қуанышкүл
Нұрасылова, Талмаржан Та­бынбаевалар өз өмірлерінен естеліктерін айтты. Сон­дай-ақ,
жарыссөзге шыққан З.Көштаева, С.Махатова, З.Төралиева, Р.Әбдіреевалар отбасылық
құндылықты қастерлеу, ене мен келін сыйластығы, ұлттық тәрбие туралы өз ойларын
ортаға салды.

Ақ жаулықты аналарымыз
әңгіме айтып қана қоймай, ән де салды. Шараға қатысқан аналар түгелге дерлік
сыйлықтармен марапатталды.

Е.АҚҚАЛИҰЛЫ.

Жалағаш ауданы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз