МАҚСАТ – АЙҚЫН, МҮДДЕ – БІР

113

0

М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің мәжіліс залында «Қазақстан – 2050” жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің мүшелерімен кездесу болып өтті.
Жиынды облыстық «Азаматтық Альянс” қауымдастығының төрайымы Дариха Ақмағанбетова сөз сөйлеп ашып, Сыр өңіріне келген сапарларының мақсаты туралы кеңінен тоқталған кеңес мүшелері Мұхтар Манкеев пен Алмат Жұмабаев атқарған жұмыстары жайлы әңгімелеп берді.
Былтырғы қараша айында құрылған қозғалыс қазіргі таңда 10 жобаны қолға алыпты. Бір қызығы, кеңес мүшелері әр түрлі мамандық иелері көрінеді. Олар қозғалыс жұмысын тұрақты қызмет орындарынан арнайы күн сұрап алып жүргізеді екен. Әзірге нәтиже көңіл қуантарлықтай. Айталық, белгілі кардио-хирург Дмитрий Горбунов бүгінге дейін 1700 сәбиге ота жасапты.
Еліміздің Оңтүстік өңірлерін аралап келе жатқан кеңес мүшелері аймақтың білім беру және денсаулық сақтау саласы өкілдерінің, жастардың, кәсіпкерлердің, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар жетекшілерінің «Мәңгілік ел” патриоттық Актісіне қатысты пікірлерін таңдап, ұсыныстарын жазып алды. Жиын сұрақ-жауап түрінде қызу талқылаумен өтті.
Бақтыбай БЕРДІБАЕВ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз