МАСЛЕНИЦА МЕРЕКЕСІ

56

0

МАСЛЕНИЦА  МЕРЕКЕСІЖексенбі күні «Славяне” орталығының ұйымдастыруымен Масленица мерекесі тойланды. Қысты шығарып салуға арналған мерекеге мыңдаған халық жиналды. Орталық алаңда кең көлемде атап өтілген шараға облыс әкімі орынбасары А.Әлназарова, Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық хатшылығы меңгерушісі А.Жұмабаев пен қала әкімі орынбасары Р.Рүстемов қатысты. 
«Славяне” этно-мәдени орталығының мүшелері концерттік бағдарлама, театрландырылған қойылымдар қойып, жиналғандарға құймақ, ірімшік, тәттілер үлестірді. Көше бойын жағалаған сайқымазақтар, ертегі кейіпкерлері мерекелік шеруге айрықша рең берді. Сонымен қатар, орталық алаңда жәрмеңке ұйымдастырылып, спорттық жарыстар өтті.
Шара соңы дәстүрлі Масленица қуыршағы «чучелоны” жағуға ұласты. Бұл жоралғы қыстың аяқталып, көктемнің келгенін білдіреді. 
Айта кетейік, қыспен қош айтысып, көктемді қарсы алатын бұл мерекеде ренжіскендер бір-бірімен достасып, табысады.
Нұрбек САҒАТҰЛЫ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз