ҚҰМБАЗАРДА ЖАҢА ҒИМАРАТ

44

0

Шалғайдағы Құмбазар елді мекенінде қуанышты оқиға орын алды. Мұнда жаңа оқу жылы қарсаңында 100 орындық мектеп ғимараты жаңадан салынып, пайдалануға берілді. Бұрынғы білім ордасы талапқа сай келмейтін. Нысан құрылысын жүргізген «Жабдықтау» ЖШС мектепті уақытылы тапсырып қана қоймай, ауыл перзенттеріне ойын алаңын тегін салып берді.

Білім ордасының ашылу салтанатында сөз алған Арал ауданы әкімі Абзал Мұхимов:

– Мектептегі сапалы білімге қол жеткізу – басты міндеттің бірі. Бұл мемлекеттік бағдарламада белгіленген. Әрі маңызды орынға ие. Ауданда соңғы екі жылда ғана әлденеше мектептің құрылысы жаңартылып, пайдалануға берілді. Ағымдағы жылы 6 мектептің құрылысын аяқтап, қолданысқа енгізу жоспарлануда. Осылайша үш ауысыммен оқитын мектептер саны 100 пайызға азайса, оқушы орнының тапшылығы 424 бірлікке кеміді. Апатты мектептер мәселесін республикалық, облыстық және жергілікті бюджет есебінен шешу арқылы олардың саны біршама төмендеді деп сөзін түйіндеді.

Мұнан соң лента қию рәсімі көрініс алды. Ауыл тұрғындары ел ағаларына ризашылығын білдірді.

Жұмабек
ТАБЫНБАЕВ.

Арал ауданы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз