МӘДЕНИЕТТІҢ МАЙТАЛМАНДАРЫ

46

0

Мереке қарсаңында облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ержан Әбдірахманов аймақтың мәдениет және өнер саласында қызмет атқаратын әйелдер қауымын Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтап, саланың бір топ озаттарына ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін тапсырды. Олардың арасында Сырдария аудандық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Алмагүл Бақтиярова, Сыдықовтар отбасылық  халықтық ансамблінің ұйымдастырушысы әрі әншісі Базар Қостаева, Арал аудандық Мәдениет үйі жанынан  құрылған Халық театрының режиссері Бақтыгүл Бахрамова,  облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастыру орталығының бас режиссері  Орынкүл Бұрқанова, облыс орталығындағы өнер мектебінің скрипка сыныбының оқытушысы Любовь Цзю, «Әйтеке би кенттік және ауылдық клубтар» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры Ғалия Оспан  бар.
Мереке мерейлі болсын!
Ж.БАЛАБАЙҚЫЗЫ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз