МӘДЕНИЕТТІҢ МӘЙЕГІ

41

0

Т.Жүргенов атындағы
шы­ғар­­­ма­шылық үйінде орна­лас­­қан ком­муника­циялар орталы­ғын­да облыстық
мәдениет басқар­ма­­сының басшысы Ержан Әб­ді­рахманов жергілікті БАҚ өкіл­де­ріне
салада атқарылып жатқан жұмыстар жайында жан-жақты әң­гімеледі.

– Облыс бойынша 169 мәде­ниет үйі мен клуб, 209 кітап­хана, 8 мұражай, Н.Бекежанов атын­дағы қазақ музыкалық драма театры, халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы, қалалық мәдениет жә­не демалыс паркі, барлығы 391 мәдениет және өнер мекемесі ха­лыққа мәдени қызмет көрсетеді,– дедi сала басшысы. – Өткен жы­лы 6 ауылдық клуб пен 1 мұ­ра­жай пайдалануға берілді. Би­ыл әрқайсысы 150 орындық 4 ауылдық клубтың құрылысы жүр­гі­зілуде. «Жол картасы-2020” бағ­дарламасына сәйкес мәде­ни­ет үйлері мен клубтардың күр­­де­лі жөндеу жұмыстарына рес­пуб­ликалық және жергілікті бюджет­тен қомақты қаржы бөлініп, 4 мә­дениет нысаны күрделі жөндеу­ден өткізілді.

Мәдениет саласының басшысы өздерінде атқарылып жатқан игі істерге тоқталды. Облыс әкімінің қолдауымен салаға, оның ішінде мәдениет үйлері мен клубтарға 410 штат бөлініп, облыстық театр мен филармонияға кәсіби мамандар қа­былдау жүзеге асырылды.

Дарынды жастарды қолдау, өңір­дің мәдениет мекемелеріне кә­сі­би кадрлар дайындау мақсатында облыс әкімінің 10 гранты тағай­ындалды. Бұл жолдамалар арқылы Сыр жастары еліміздің мәдениет және өнер салаларында білім алып, аймақтың мәдениеті мен өне­рін дамытуға айтарлықтай үлес қосатын болады. Сыр бойының 100-ге тарта талантты балалары өткен жылы халықаралық деңгейдегі 28 өнер байқауларына қатысып, оның 65-і бас жүлде, І, ІІ және ІІІ орындарды иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Елбасының Жарлы­ғымен 21 мамыр мәдениет және өнер қыз­меткерлерінің күні болып жа­рия­ланғаны белгілі. Осы айту­лы мерекеде облыс әкімі 15 қыз­меткерге арнайы стипендия та­ғай­ындады. Ауылдар мен елді ме­­кендерге қолдау көрсету мақ­са­тында 7 ауданға толық жаб­дық­талған «Зерде” мәдени-ақпа­раттық автокөлігін сыйға тартты.

Өткен жылы аймақ басшысы­ның тапсырмасына сәйкес облыс көлеміндегі ескерткіштердің жай-күйлері анықталды. Нәтижесінде мемлекеттік есепке енбеген, белгі­ленген талаптарға сәйкес келмейтін 52 нысан бар екендігі жария етілді.Олардың біреуі жойылып, 11-і бел­гі ретінде қалдырылды, 14-і ғи­марат ішіне ауыстырылды, 11-нің орнын ауыстыру жұмыстары жалғасуда. Айта кетерлігі, өңір­дегі 80 ескерткіштің тарихи-мә­де­ни сараптамасын жасауға ал­ғаш рет облыстық бюджеттен қар­жы қаралып, тиісті жұмыстар жүргізілді. Мұндай игі шаралар облыс кітап­ханалары мен мұражайларында
да бар.

Алдағы уақытта
атқарылатын іс­тер ауқымды. Облыс орталығында за­манауи талаптарға сай келетін,
400 орындық үлкен, 200 орындық кіші көрермен залдары бар жаңа театр ғимаратын
салу жоспарлануда. Ақтөбе облысында Қызылорда об­лы­сының мәдениеті мен өнері
ап­талығын өткізу, түркі тілдес ха­лық­тардың ұлттық фольклорлық-музыкалық
өнерін насихаттау мақ­сатында «Қорқыт және Ұлы дала сазы” халықаралық
фестивалін өткі­зу, КСРО халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтардың иегері Сәбира
Май­қанованың 100 жылдығына орай республикалық театрлар фестивалін өткізу
секілді мәдени шаралар бір бірімен жалғасады.

Бринфигке
қатысқан сала бас­шысы журналистердің сұрақтарына жан-жақты жауап берді.

Жұмагүл
ОРАЛБАЕВА.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз