Медиацияның тиімді тұстары мол

70

0

Бітімгерлік қазақ халқы үшін таңсық дүние емес. Дауды бітімгершілік жолмен шешкен ел ақсақалдары халқымыздың бірлігін сақтаған. «Жеті жарғы» талаптары бойынша дауды шешуде хан болмаған жағдайда талапкер мен жауапкер тұратын ауылдың билеушілері, жанына екі жақтан да арада жүруші екі адам шақырып дауды шешуге араласқан. Және айыпкер жағынан биге күдік болса биді ауыстыруға өтінім еткен.
Медиация институтының дамуы еліміздегі сотқа дейінгі дауларды азайтып, даудың сотта шешілуіне септігін сот тәжірибесінен көрінеді. Қазіргі кезде аудандық, қалалық, ауылдық округ әкімдіктерінде медиация кабинеттері ашылған, онда кәсіби емес медиаторлар жұмыс жасауда. Медиатор көмегімен екі тарап дау бойынша келісімге келсе ол келісімдерін тек сот бекітеді. Немесе, талап қоюшы сотқа өз талабымен жүгінгеннен кейін екінші тараппен бітімге келгісі келсе, дауды қарауды тоқтата тұруға судьяға өтініш түсіріп, сол судьяға медиатор болып дауын шешіп беруіне өтініш беруге де құқы бар. Бұл жағдай судьяның өз өндірісіндегі іс бойынша тараптарды медиаторға жолдап, оның шешімін күтіп, тараптардың дауын шеше алмай уақытын жоғалтуына жол бермейді.
Медиацияның артықшылығы екі тарап арасындағы дау тез арада шешіледі, жауапкерді сот шешімін мәжбүрлеп орындау бойынша тығырыққа тіремей, оның дауды шешуіне өз еркіне сай уақыт беріледі. Ал, талап қоюшы сотқа жүгінген дауы бойынша белгілі уақытта дауы шешімін тауып орындалатынына көзі жетеді және сотқа талап арыз бергенде мемлекет пайдасына төленген сот шығынын қайтарып алады.
Сонымен қатар, қылмыстық процесс шеңберінде жүргізілген медиациямен тоқтатылған жағдайда тараптар іс жүргізуінде қылмыстық іс жатқан қылмыстық процесті жүргізуші органға дереу медиация туралы келісімді немесе медиацияны тоқтату туралы жазбаша хабарламаны жіберуге міндетті.
Еріктілік, құпиялылық, тараптардың тең құқылығы, медиатордың бейтараптығы, процедураға араласуға жол бермеушілік принциптеріне негізделе отырып, жүргізіледі.
Негізінен айтқанда бұл заң қазақ халқының дәстүрлі билер мен ата бабалар тағылымын, әдет-ғұрып тәжірибесін қалпына келтіруге жасалған игі қадамның бірі, оның тиімділігі мол және бұл заң бұрынғы билер билігінің жалғасы  деп есептесек қателеспейміз.
Е.Есжанов,
Қызылорда қаласының
№2 сотының бас маманы,
сот отырысының хатшысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз