“МЕКТЕПКЕ ЖОЛ” АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

63

0

«Сыр медиа” ЖШС жанындағы
облыстық телекоммуникациялар орталығында облыстық білім басқармасының ұйым­дастыруымен
«Мектепке жол” республикалық
қайырымдылық акциясының басталуына арналған баспасөз мәслихаты болып
өтті.

Шараны облыстық білім
басқармасы басшысының орынбасары Б.Сайлыбаев
ашып, акцияның маңыздылығына кеңінен тоқталды.

Жаңа оқу жылының басталуына
да аз уақыт қалды. Балалар оқу құралдары мен мектеп формасын ретке келтіріп,
алғашқы қоңырауға қамданып жатыр.

Алайда, барлығы бірдей емес.
Жаңа оқу жылына дайындықсыз баратын балалар да бар. Осы мәселенің алдын алу
үшін республикалық деңгейде «Мектепке жол” акциясы бастау алған болатын.

«Балаға мейірім сыйла!” деген
ұранмен өтетін дәстүрлі акцияның мақсаты – аз қамтылған және көпбалалы
отбасынан шыққан, жетім, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу
жылының дайындық кезеңінде көмек беру,
қолдау білдіру болып табылады.

Тұрғындарды ақпараттандыру,
мемлекеттік мекемелер, үкіметтік емес ұйымдар мен кәсіпкерлерді акцияға тарту
негізінде облыстық және аудандық деңгейде арнайы штабтар құрылып, олар жүйелі
жұмыс жасауды жоспарлап отыр. Негізінен облыс көлемінде акция үш кезең арқылы
жүзеге асады.

Мәселен, өткен жылы акция
барысында облыста 24 мыңға жуық көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасы
балаларына 141 млн. теңге көлемінде көмек көрсетілсе, ал 12549 балаға бюджет есебінен қаржы қарастырылған.
Тағы бір айта кетерлігі, 11463 балаға бюджеттен тыс қаржылай көмек көрсетілген.
Ал биыл облыс бойынша 15450 бала мектеп табалдырығын аттайды.

Шара барысында облыстық
жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас
маманы А.Әлібекова сөз алып, өткен жылы
осы негізде атқарылған жұмыстарға тоқталып, қала мен аудан бойынша қанша
баланың әлеуметтік жағдайы мен отбасылық тұрмысы жөнінде деректер жиналып тиісті мекемелерге ақпарат беріп
отырғандығын тілге тиек етті.

Шара соңында Бақытжан
Сайлыбаев балалардың ертеңін ойласақ, оларға қолдан келгенше жағдайды жасауға тиіспіз дей келе, көпшілікті акцияға
белсенді қатысуға шақырды.

Сондай-ақ, арнайы мамандарға
журналистер тарапынан сұрақтар қойылып, оған тиісті жауап қайтарылды.

 

Сара ҚОРҒАНБАЙҚЫЗЫ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз