МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНА МАРАПАТ

57

0

10-шы
Дүниежүзілік ислам экономикалық форумының аясында Қазақстан Президенті
Нұрсұлтан Назарбаевты Global Islamic Finance Awards (GIFA) ұйымының «Исламдық
қаржы бойынша жаһандық көшбасшы» сыйлығымен марапаттау рәсімі өтті.

Мемлекет
басшысына бұл награданы «Edbiz Consulting Limited» компаниясының бас атқарушы
директоры, доктор Хумайон Дар тапсырды.

Марапаттау
рәсіміне Біріккен Араб Әмірліктерінің Вице-Президенті, Премьер-Министрі, Дубай
әмірлігінің билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Аль Мактум қатысты.

Сыйлық ислам
қаржы нарығын өңірлік және халықаралық деңгейде дамыту мен ілгерілетуде жеткен
зор табыстар үшін беріліп отыр.

Рәсімде Елбасы
Қазақстан 2009 жылдан бері исламдық қаржыландыру қағидаттарын заңнамалық
тұрғыдан енгізу жөнінен ТМД мен Орталық Азияда көшбасы саналатынын, қазіргі
уақытта Қазақстанда ислам банкингі, сақтандыру және лизинг саласында өз
қызметтерін ұсынатын исламдық қаржы институттарының тұтас бір шоғыры жұмыс
істейтіндігін атап өтті.

Қазақстан
Президенті жоғары наградамен марапаттағаны үшін GIFA-ға алғыс айтып, ұйымның
алдына қойған мақсаттарына жету жолында табысты болуына тілектестік білдірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз