МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ЛАЙЫҚТЫ ОРЫНДАЛУДА

61

0

Шиелі ауданының әкімі Қайратбек Сәрсенбаев өзінің ауылдық округтердегі кездесуін жалғастырумен қатар, ауыл әкімдерінің есеп беруіне қатысты.

Онда әкімдер қызметіне баға берумен қатар ауыл адамдарының ұсыныс-пікірлеріне де назар аударылды. Аудандық мәслихат хатшысы Әшім Оразбекұлы жүргізіп отырған жиындар осы аптада Керделі, Жуантөбе, Бестам, Телікөл, Алмалы ауылдық округтерінде жалғасын тапты. Жиын барысында шығып сөйлегендер аудан әкімінің есепті мерзім аралығындағы атқарған жұмыстарына лайықты баға беріп, ауыл басшыларының да іс-әрекеттеріне өз көзқарастарын білдірді. Керделі ауылдық округінде ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Әбжалиев орталық көшенің біріндегі электр трансформаторын ауыстыру туралы айтса, Жуантөбе ауылының тұрғыны Ш.Қалымбетов балабақшаға балалар тасымалдайтын көлік­тің қажеттілігін еске салды. Ал Бестам ауылынан Қ.Қыпшақбаев ауылдың кіреберісіндегі өткелдегі көпірді жөндеу керектігін жеткізді. Телікөл аулында ауыз су мәселесін түбегейлі шешу ортаға салынды. Елді мекендердегі әлеуметтік жағдайлардың басымы шешілгендіктен басқа сауалдар бола қоймады. Жалпы ауыл адамдарының көңіл-күйі көтеріңкі, Мемлекет басшысының жергілікті жерлердегі жағдайға аса мән беріп, қамқорлыққа алуына ризашылығын білдіргендер мол болды. Аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев алдағы міндеттерді де толығымен жеткізіп, жұртшылықтың зор қолдауына ие болды.

 

Н.НАЗЫМХАНҰЛЫ.

Шиелі ауданы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз