«МЕНІҢ ЕЛІМ – МӘҢГІЛІК ЕЛ» – БАСТАЛҒАН ЖЫЛДЫҢ БАСТЫ ИДЕЯСЫ

93

0

Сейсенбіде облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен облыс
әкімдігінің мәжілісі өтті. Мәжілісте Жаңа жыл мерекесі кезіндегі қоғамдық
тәртіп, алдағы жылға арналған маңызды шаралар, әкімдердің тұрғындар алдындағы
есеп беру кездесулерін өткізу, автокөлік
жолдары мен жолаушылар тасымалдауды дамыту, халық тұтынатын тауарлар бағасына
қатысты мәселелер талқыланды.

Облыстық ішкі істер депар­та­ментінің
басшысы Ж.Сүлей­меновтің айтуынша, мереке кезінде тәртіп сақшыла­ры күшейтілген
тәртіппен жұмыс істеді. Мерекелік шаралар өткен орындарда жеке құрамдар
қоғамдық қауіпсіздікті қадағалады. Демалыс күндері, яғни 31 желтоқсан мен 4 қаңтар аралығында облыс
көлемінде поли­цияның кешенді күштері барлығы 1188 – жылдамдықты асыру, мас күйінде көлік айдау,
қарсы бағытқа шығу, жүргіншіге жол бермеу, қоғамдық орындарда мас күйінде жүру
сияқты әкімшілік құқық бұзушылықтарды
анықтаған.

Алдағы жыл ел өміріндегі тарихқа тағзым
жылы болады деуге негіз бар. Өйткені рес­публика аумағында бірқатар мерекелік
шаралар жоспарланып отыр. Облыстық ішкі сая­­сат басқармасының басшысы
Р.Рүстемов осы жоспарға сәйкес облыста атқарылатын жұмыстар мен қоғамдық-саяси
ахуал жайына тоқталды. Жыл қорытындысын сараптағанда өткен жылы аймақ­тағы
қоғамдық-саяси ахуалға тұрақты деген баға беруге болады.

Хабарламашы өткен жиын­да айтылған
«Аралтұз» АҚ ме­ке­месіндегі қызметкерлердің жалақы мәселесі, Жаңақорған
ауданындағы «Саяжай» мөлтек ауданы тұрғын­дарының қоғамдық көлік түйткі­лі­нің
шешім тапқанын атап өтті. Бүгінде Арал ауданындағы «Ба­лық шаруашылығы» ҒЗИ қыз­­мет­керлерінің
жалақы алмауы­­­на, ақылы демалысқа жіберіл­меуіне қа­тысты, Бекбауыл ауы­лындағы
электр жарығының тұ­­­рақ­­сыз­ды­ғынан тұрмыстық тех­ни­­калары күйіп кеткен
ауыл тұр­ғын­­да­ры­ның арыз-шағымдарын қа­рау ма­ңызды. Тұрғын үйді жаң­ғыр­ту
бағдарламасы бойынша жүр­гізіл­ген жөндеу жұмыстарына, жөн­деудің сапасыздығына
сын көп. Бұл мәселені облыс орталығымен қо­са аудандар тұрғындары да көтеруде.

«Сыр медиа» ЖШС жанындағы
ақпараттық-талдау орталығы анық­­таған қала, аудан әкімдерінің рей­тин­гісі
бойынша ең жоғарғы көрсеткіш Қазалы ауданының әкі­міне, ең төменгі балл Шиелі,
Жа­ңақорған әкімдеріне тиесілі. Ауыл­дық округтер әкімдерінің де рейтингі
шығарылған. Арал ауданы бойынша ең жоғары балды Атаншы, Ақирек ауылдық округ
әкімдері алса, ең төмен балға Қарақұм, Жетес би, Бекбауыл, Жіңішкеқұм ауылдары
әкімдері ие болған. Қазалы ауданы бойынша ең жоғарғы балл Басықара ауылының
әкіміне, ең төменгі көрсеткіш Қарашеңгел, Көларық ауылдарының әкімдеріне тиесілі.
Қармақшы ауданы бойынша төмен балды Төребай ауылы, Тұрмағамбет және Алдашбай
ахун ауылдық округтерінің әкімдері иемденсе, Жаңа­жол, Кө­мек­баев ауыл­да­рының
әкімдері жоғары бағаланған. Жалағаш ауданы бойынша төмен нәтиже Мақ­палкөл,
Жаңадария және Мырзабай ауылдық округтерінің әкімдеріне, жоғары көрсеткіш
Жаңаталап ауылының әкіміне тиесілі. Сырдария ауданы бойынша Жетікөл, Қоғалыкөл,
Амангелді ауылдық округтерінің әкімдері төмен балл иемденсе, жоғарғы балды Қал­жан
ахун ауылының әкімі алған.

Шиелі ауданы бойынша Жиделі, Жуантөбе
және Жансейіт ауылдық округтерінің әкімдері төмен нәтиже көрсетсе, жоғарғы
балға Ботабай ауылының әкімі ие болған. Жаңақорған ауданы бойынша төмен балл
Шалқия, Өзгент, Байкенже және Жайылма ауылдық округтерінің әкімдеріне тиесілі
болса, ең жоғарғы көрсеткіш Машбек ауылы, Талап және Түгіскен ауылдық
округтерінің әкімдері еншісіне тиген. Қызылорда қаласы бойынша ең жоғары балды
Тасбөгет кентінің әкімі алса, ең төменгі көрсеткішті Тал­суат ауылдық округінің
әкімі көрсетіп отыр. Сараптама халықтың пайымын, яғни, ауыл әкімдерінің үштен
бір бөлігіне көңіл толмайтынын көрсетіп берді. Тұрғындар ауыл ішінде маңызды
іс-шаралар аз өткізілетініне, мал жайылымдық жер мен жол мәселелеріне
алаңдаулы.

Хабарламашы жаңа басталған жылға
арналған қоғамдық-саяси маңызды шаралар күнтізбесіне 125 ірі көлемді шара
енгенін атап өтті. Күнтізбеге сәйкес
Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚР Конституциясының 20 жылдығына және Қазақ
хандығының құрылғанына 550 жыл толуына, Жеңістің 70 жылдығына орай түрлі деңгейдегі
конференциялар, семинарлар, байқаулар, мәдени-көпшілік шаралар өтеді. Олардың
барлығы бірлік пен тұрақтылықты мұрат тұтқан, ұлы мақсатқа жетелейтін идеяға,
яғни «Менің елім – Мәңгілік Ел» деген
ұғымға негізделмек.

Барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындар
алдында есеп беру кездесулерін өткізуді ұйымдастыру мәселелері туралы хабарлама
жасаған облыс әкімі аппаратының басшысы Қ.Жайсаңбаев аудандар, ауылдық
округтер, кенттер, ауылдар әкімдері 14
қаңтар мен 14 ақпан аралығында есеп беретінін айтты. Облыс әкімінің халыққа
есеп беру кездесуі 18 ақпанда
өткізіледі. Есеп беру кездесулерінде айтылған тұрғындардың
ұсыныс-пікірлері ескеріліп, соған сай іс-шара жоспарын бекіту, халықпен
кездесуге бекітілген кестеге сәйкес бірінші басшылардың қатысуы міндеттелді.

Қызылорда қаласында 2015-2017 жылдары
қалааралық 8-10 мың жолаушы қабылдайтын автовокзал құрылысы салынатынын
облыстық жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары басқармасының басшысы М.Бәйімбетов хабарлады. Бүгінде облыс
аумағында жолаушылар 215 бағытқа тасымалданады. Қызылордадан Алматы, Астана,
Шымкент және Түркістан бағыттарына тұрақты автобус қатынасы жолға қойылған.
Келешекте басқа да облыс орталықтарымен көлік қатынастары ашылмақ.

Хабарламашы әуе және теміржол
қатынасындағы жаңалықтарды, сонымен бірге облыстық және аудандық маңызы бар
автомобиль жолдарының ахуалы туралы баяндады.
Өткен жылдан бері Сырдария ауданының тұрғындары өзен арқылы өтетін
көпірмен қатынай бастады. Қызылорда қаласындағы
Ғ.Мұратбаев көшесінен Сырдария өзені арқылы өтетін көпір құрылысы
басталды. Бұл көпір Сырдария өзенінің сол жағалауын игерудегі маңызды нысан.

Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар
жол» Жолдауы аясында облыста 14 жобаны іске асыру ұсынылып отыр. Қазір тиісті
министрліктерге ұсыныс беріліп, пысықтау жұмыстары жүргізілуде.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік
тауарларының бағалары жөнінде хабарлама жасаған облыстық ауыл шаруашылығы
басқармасының бас­шысы Д.Әбуовтің айтуынша, күн­делікті мониторинг 33 негізгі
азық-түлік тауарының 24-де өсім бай­қалғанын,
7 түрлі өнімнің бағасы тө­мен­дегенін, 2
өнім бағасының бір­қалыпты екенін көрсеткен.

Тұрғындарды арзан бағамен кар­топ,
көкөніс және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында
халықтың көп шоғырланатын жерлерінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері
өткізіліп, өнімдер нарық бағасынан 15-20 пайызға төмен сатылды. Қызылорда
қаласының және барлық аудандардағы ірі жабдықтаушылар мен өнім өндірушілер
арасында негізгі азық-түлік тауарларын 5-10 пайыздық үстемеден асырмай сату
жөнінде меморандумдарға қол қойылған. «Байқоңыр» ӘКК 1-сортты ұн, қант және ақ
күріш сатып алуға 200 млн. теңге бөлді. Меморандумның мерзімі аяқталған соң
жаңа меморандумға қол қойылып, облысқа алғашқы 2652 тонна ұн жеткізілді.
Осындай шаралардың арқасында қала бойынша әлеуметтік нанның орташа бағасы 40
теңгені, облыс бойынша 44 теңгені құрап отыр.

Облыстың азық-түлік нарығында өнімдерге
сұраныстың, бағалардың негізсіз артуы, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың
жетіспеушілігі байқалмайды.

Әкімдік мәжілісінде көтерілген мәселе­лер
бойынша тиісті шешімдер шығарылып, жауапты тұлғаларға тапсырмалар берілді.

Гүлжазира ЖАЛҒАСОВА.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз