«Мен саған есірткі жайлы айтып беремін»

240

0

Қоғам байлығы – адам десек, адам байлығы – денсаулық екені баршамызға аян. Сол үшін де өмірді даналық ұшқыр қиялмен бағалайтын ата-бабаларымыз денсаулықты әу бастан-ақ дәріптеген.

Ең бастысы, аталарымыз бас айналдыратын, денсаулыққа зиян келтіретін ішімдік атаулыны, әсіресе есірткіні тұтынбаған. Керісінше, кең даланы еркін жайлап, қоныс жаңартып отырған бұрынғы бабаларымыз адамға пайдалы қымыз, шұбат секілді ұлттық сусындар ішкен. Осылайша, олар ең басты байлық – денсаулыққа айрықша мән берген, ұрпақ саулығына да ерекше көңіл бөлген.

 Ал қазір кейбір жасөспірімдер адам ағзасына зиянды заттарды жиі пайдаланады. Ең сорақысы, есірткі қолданатындар қатары көбейіп келе жатқан секілді. Жалпы, есірткі пайда болғаннан бері адамзат баласы онымен күресіп келеді. Оның тіпті де осал қарсылас еместігіне көзімізді анық жеткізіп отырмыз. Есірткіге бір берілген адам өмір бойы жылап өтері анық. Тек өзі ғана емес, ата-анасын, бауырларын, жақындарының бәрін қоса жылатады.

Ойласаң, ойыңа қорқыныш ұялататын жаман жолға адамзат баласы неліктен барады екен? Сараптайық, саралайық, ой қосайық, ағайын.

Отбасы тәрбиесі, ата-әженің өнегесіне қанық болып өскен әрбір бала бұл жолға түспейді деп нық сеніммен айта аламын. «Бала берсең, сана бер. Сана бермесең, ала бер» деген сөзде толқыны толықсыған, теңселген теңіздей мән-мағына көрініс береді. Саналы ұрпақ әрқашан есірткіге қарсы. Оның жамандығын, кесір әкеліп, өзіне магнитше тартатынын, жағымсыз әрі пайдасыз қасиеті бар екенін біледі, әрине.

Мен нашақорлыққа түпкілікті қарсымын! Себебі бұл адамды азғындыққа апаратын, қасиетіңнен айыратын дерт. Тажалдың түтінін түтететкенше, салауатты өмір салтын ұстанайық!

Асхат МӘДЕНИЕТ,

Әли Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейі оқушысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз