«Мен саған есірткі жайлы айтып беремін»

2095

0

Өкінішке орай қазіргі заманда нашақорлық туралы жиі еститін болдық. Бұл мәселемен қалай күресуге болады?

Бұл – қазіргі қоғамның ең өзекті проблемасының бірі. Бұл проблемадан сіз болып, біз болып құтылу бәріміздің міндетіміз.

Жас достар! Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу – біздің қолымызда. Өйткені біздер ұрпақ жалғастыратын қазақ елінің салауатты перзентіміз…

Құрметті, Жалынды жастар! Мен сіздерге есірткі жайлы айтып беремін! Саналы түрде болашаққа таңдау жасап, жақсы өмір сүру өз қолдарыңызда!

  • Қызығушылық. Есірткінің қармағына бір ілінген адам, одан оңай құтылып кете алмайды. Сондықтан салауатты өмір салтын сақтап, спортпен шұғылдануды әдетке айналдырайық!
  • Бос уақыттың көптігі. Адам баласына берілген баға жетпес құндылықтардың бірі – уақыт. Бүгінгі күннің құны мен қадірін білсек, адаспайтынымыз ақиқат!
  • Бақытсыздық, өзіне сенбеушілік.
  • Сенбеушілік, сәтсіздік, жолы болмау бұның бәрі адам өзін-өзі жоғалтып алғанда пайда болады. Жаман ойлардан арылып, тек жақсы нәрселерді ойлап, өз-өзімізге сенімді болайық!

   Міне осы айтылған жат қылықтардан аулақ болып, тек жақсы ойлармен, арман-мақсаттармен өмір сүруге шақырамын!

   Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі жарқын болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тілімізді жоғалтып алмау үшін, нашақорлықтан, ішімдіктен, темекіден бойымызды аулақ ұстайық!

Нұрлыбек ҚАРАЕВ,

А.Байтұрсынұлы атындағы

№211 орта мектептің

8 сынып оқушысы,

Қызылорда қаласы

Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға 
  #есірткігеқарсы
 #противнаркотиков
 @upndpkzo парақшасына тіркелу 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<