МЕРЕКЕГЕ ТАРТУ ЖАСАДЫ

53

0

30 тамыз ел тарихындағы маңызды
күндердің бірі. Себебі, қазақ елінің құқықтық өмірінде 1995 жылы дәл осы күні
жаңа Ата Заң қабылданды. Бүгінде мемлекеттік құры­лымды айқындайтын бұл құжатқа
19 жыл толып отыр.

Елі­міздің
түкпір-түп­кі­рінде тойланып жат­қан айтулы мереке қарсаңында Ә.Тәжібаев атын­да­ғы
облыстық әмбе­бап-ғылыми кітап­ханасында облыстық филармонияның ұйым­дастыруымен
«Заң­ғарлы Заң – замана» атты мерекелік концерт болып өтті.

Сахна К.Дүйсекеевтің «Сәлем саған, туған ел» әні­мен
ашылды. Жергілікті өнерпаздардың қатысуымен бол­ған шарада сахна төрінде туған жер тақырыбындағы ән мен жыр қалықтады.
Кеште Алмас Әлжанов, Асылбек Махамбетәлиевтің орындауында күй тартылса, «Тұран»
триосы, Эльвира Есжанова, Олжас Нұралиев, Бақытжан Найманов, Назерке
Нұраддинова, Гауһар Бисекенованың орындауында «Туған жер», «Сайра бұлбұл»,
«Жайықтың толқындары», «Сыр алаштың анасы», «Астана» әндері өз мәнерінде
шырқалды. Өнерпаздар тарту еткен бұл кеш барша көрермен жүрегінен орын
тауып, жақсы көңіл-күй сыйлады.

М.ОТАРАЛЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз