МЕШІТ – ЖАМАҒАТЫМЕН КӨРІКТІ

54

0

Қазіргі таңда Қазалы ауданында 22 мешіт тұрғындарды имандылыққа тәрбиелеу жолында жұмыс жасап келеді. Сонымен бірге, діни мамандар мен имам-молдалардың діни білімін арттыру мақсатында республика, облыс орталықтарынан арнайы теологтар шақыртылып, дәрістер берілуде. Жоғары діни институттар мен медреселерде шәкірттер тәрбиеленуде.

Жуырда Жалаңтөс батыр ауылында тұрғындар демеушілігімен салынған баба атындағы жаңа мешіт пайдалануға берілді. Мешіт тек құлшылық орны ғана емес, рухани орда, сауапты һәм салауатты іс-шаралар атқарылатын, иманды жас жұбайлардың некесі қиылатын, діни біліммен сусындайтын сауат ашу орталығы.

«Мешіт – жамағатымен көрікті» демекші, атақты Ақсақ Темірден кейінгі бүкіл Тұранға билігін жүргізіп, Самарқанд әмірлігін 40 жыл басқарған Жалаңтөс батыр атындағы мешіт іші мінажат етіп, имандылықтың ізгі жолын ту етер жұртшылықтан арылмасын, – деді жамағатты жаңа имандылық үйінің ашылуымен құттықтаған Қазалы ауданы әкімінің міндетін атқарушы Сұлтан Махашов.

Шара барысында «Жалаңтөс батыр» атындағы қор төрағасы Ыдырыс Қалиев елдегі белсенді азаматтарға баба бейнесі бейнеленген кілемшелер мен кітаптар табыстады. Соңынан батыр баба рухына құран бағышталып, ас берілді.

Бақтыбай БЕРДІБАЕВ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз