МИЛЛИОНЕР МҰҒАЛІМДЕР

61

0

МИЛЛИОНЕР МҰҒАЛІМДЕРҰстаз
– қадірлі де жауапты мамандық, оны қалай бағаласа да, жарасымды болары хақ.
Өйткені, оған елдің ертеңін заман талабына сай тәрбиелеу ісі сеніп тапсырылған.
Ұстаз өз шәкіртіне білім беріп қана қоймай, оның өмір бойы ізденуіне, оқуына
негіз қалайды. Уақытпен санаспай еңбек ететін мұғалімдер қауымына қолдау
көрсетіп, олардың тәжірибесінің өсіп, кәсіби жетілуіне, материалдық
қажеттілігін қамтамасыз етуге жергілікті әкімшілік тарапынан лайықты көңіл
бөлінуде. Атап айтар болсақ, өткен жылы
шәкірттерін білім нәрімен сусындатып жүрген Сыр бойы мұғалімдерінің арасынан жүзден жүйрік шыққан 40 мұғалім
облыс әкімінің арнайы грантын иеленіп, миллионер атанды. Биыл олардың қатары жаңа есімдермен толықты. Аймақ
басшысы жас ұрпаққа саналы тәрбие беріп, олардың болашақтың нағыз иесі
болуларына негіз қалап жатқан ұстаздардың өлшеусіз еңбегін лайықты бағалап,
биылғы жылы тағы да 40 мұғалімге 1 миллион теңгенің сертификатын тапсырды.

Жас ұрпақты тәрбиелеп, оларға сапалы білім беруде өзінің озат тәжірибесімен, шығар­машылығымен
танылған ұстаздар қатарында Арал ауданындағы №83-ші мектептің био­логия пәнінің мұғалімі, ҚР БҒМ-ның Құрмет
грамотасының иегері, шәкірттері облыстық, рес­публикалық олимпиаданың жүлдегері
та­ныл­ған Достықкүл Әбдіхалықова, Қазалы ау­данындағы №17-ші мектептің химия
пәнінің мұғалімі, 4 оқушысы халықаралық олимпиада жеңімпазы танылған Әлия
Орынбасар, 5 әдіс­темелік құрал авторы, республикалық пе­да­­гогикалық идеялар
фестивалінің ІІІ орын иегері, оқушысы
облыстық ғылыми жоба жа­рысының 3
орын жеңімпазы танылған Жа­лағаш ауданындағы №38-ші мектептің био­логия пәнінің
оқытушысы Гүлнәр Ал­масова, «Үздік
бастауыш сынып мұғалімі” бай­қауының І орын иегері, өткен жылы рес­пуб­ликалық
педагогикалық оқуда І орын иеленген Сырдария ауданындағы №139-шы мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Гүл­бану
Смайылова, «ҚР білім беру ісінің құр­метті
қызметкері” белгісінің иегері, дидак­тикалық материал авторы, «Алтын диск” ІІ
республикалық байқауының 3 орын ие­гері
Шиелі ауданы №150-ші мектептің ма­те­ма­тика және информатика пәнінің мұ­ға­лімі
Бе­галы Ахметов, оқушылары об­лыс­тық, рес­публикалық, халықаралық олимпиа­да­лар­дың
жүлдегері танылған Қызылорда қала­сындағы №2 Мұрагер мектебінің география
пәнінің мұғалімі Диляра Каримова, «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері” төсбелгісінің иегері,
2009-2014 жылдар аралығында респуб­ликалық пәндік олимпиададан 16 оқушысы
жүлдегер танылған №10-шы қазақ-түрік ли­­цейінің қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің оқы­тушысы Ләззат Микеева бар.

Білімді ұстаздың өз шәкіртін қашанда табысқа жеткізері
сөзсіз. Тынымсыз әрі із­деніспен еткен еңбек әрқашан да табысқа бастайды.

Ж.БАЛАБАЙҚЫЗЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз