МҮЛІКТІ ЖАРИЯ ЕТУДІҢ ЖОЛДАРЫ

57

0

«Қазақстан Республикасының азамат­тарына, оралмандарға және Қазақстан Рес­пуб­ликасында тұруға ықтиярхаты бар адам­­дарға олардың мүлікті жария етуіне бай­­ланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жыл­ғы 30 маусымдағы №213-V Заңы қабыл­данды.

Заң жобасы жеке тұлғалардың табыс­тары мен мүлкін декларациялауға көшуге бай­ланысты, оларды табыс ретінде таны­май және мүлкін жария еткен ҚР азамат­тарын, оралмандарды және Қазақстан Рес­­публикасында тұруға ықтиярхаты бар тұл­ғаларды жекелеген қылмыстар, әкім­ші­лік құқық бұзушылықтармен тәртіптік те­ріс қылықтар жасағаны үшін Қазақстан Рес­публика заңдарында көзделген жауап­тылықтан босатпай, мемлекеттің бұрын экономикалық айналымын шығарыл­ған мүлікті, оның ішінде ақша­ны жария ету жөніндегі біржолғы акция өткізу сала­сындағы қоғамдық қатынастарды құқық­тық реттеуге бағытталған.

Жария ету объектілеріне мынадай мүлік
жатады.

Біріншіден, ақша, бағалы қағаздар және
заңды тұлғаның жарғылық капиталына
қатысу үлесі.

Екіншіден, құрылыс нормалары мен
қағидаларына сәйкес келетін құрылыстар, ғимараттар. Бұл ретте олар орналасқан
жер учаскелері жария ету субъектілерінің меншігінде болуы қажет.

Үшіншіден, тиесілі емес тұлғаға
ресімделген құрылыстар, ғимараттар.

Төртіншіден, Қазақстан Республика­сының
шегінен тыс орналасқан жылжымайтын мүліктер.

Жария етуге жекелеген қылмыс жасау арқылы
табылған мүлік жатқызылмайды. Мысалы, жеке адамға қарсы, адамның және азаматтың
конституциялық және өзге құқықтары мен бостандықтарына, конституциялық құрылыс
негіздері мен мемлекет қауіпсіздігіне, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық
бұзушылықтар мен қылмыстарды, мемлекет қызмет мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстарды
жасау нәтижесінде алған мүлік.

Мүлікті жария етудің негізгі қағида­лары:

Біріншіден, жария ету елдің экономика­сы
айналымына қосымша қаржы қаражаты мен мүлікті тарту мақсатында жүргізілмек.

Екіншіден, жария етілген ақша мен мүлік
салық салу мақсатында табыс ретінде танылмайды және олардан жеке табыс салығы
салынбайды. Бұл мақсатта ілеспе заң жобасымен Қазақстан Республикасының Салық
кодексіне тиісті толықтырулар енгізіледі.

Үшіншіден, жария етуге жария ету
басталғанға дейін алған мүлік жатады.

Төртіншіден, жария ету субъектілері
бірқатар баптар бойынша қылмыстық және әкімшілік жауаптылықтан босатылады.

Қазақстан Республикасы аумағының шегінен
тыс жерлердегі мүлікті жария ету үшін 10% мөлшерінде алым төленуі қажет.

Мүлікті жария ету мерзімі – 2014 жылғы 1
қыркүйектен басталады және 2015 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады.

Мүлікті жария ету әкімдіктерінің
жанындағы комиссияларға жария ету субъектілері өтініштер мен тиісті құжаттарды
табыс ету жолымен жүргізіледі. Өтінішті комиссия, салық органы өтініш берілген
күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.

Мүлікті жария етуді өткізуді ұйым­дас­тыру
қағидаларын, жария етілген мүліктің тізілімін жүргізу тәртібі мен нысанын,
комиссия туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республи­касы
аумағының шегінен тыс жерлер­де тұрған мүлікті жария ететін жария ету
субъектілері Мемлекеттік кіріс Коми­те­тіне (бұрынғы Қызылорда қаласы және об­лыстың
барлық аудандары бойынша салық органдары) мүлікті жария етуді өткізуге арналған
өтінішті, өтінішті берген кезде түпнұсқасын көрсету арқылы жеке басын
куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қа­зақстан Республикасы аумағының шегі­нен
тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік және шет мемлекетте тіркелген заң­ды
тұлғалардағы қатысу үлесі бойынша мүлікке құқық белгілейтін құжаттың но­та­риат
куәландырған көшірмесін, эмитент­тері шет мемлекетте тіркелген бағалы қа­ғаздар
бойынша құқықтарды есепке алудың тиісті жүйесіндегі жеке шоттан үзінді
көшірмені не резиденті бағалы қа­ғаз­дардың эмитенті болып табылатын мем­лекеттік
заңнамасында белгіленген ба­ға­лы
қағаздарға меншік құқығын растай­тын құжатты, мүліктің сатып алу құнын не­ме­се
бағалау құнын растайтын құжатты ұсынады.

Ақшаны жария ету Қазақстан Респуб­ли­ка­сының
екінші деңгейдегі банктер, Ұлттық пошта операторы арқылы жүзеге асырылады.

Айгүл МАУБАЕВА,

салық заңнамасын түсіндіру
басқармасының бас маманы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз