МҰНАЙШЫ ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР ӘЛЕУМЕТТІК ПАКЕТКЕ ИЕ БОЛДЫ

37

0

МҰНАЙШЫ ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР ӘЛЕУМЕТТІК ПАКЕТКЕ ИЕ БОЛДЫ«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» мұнай компаниясы кезекті мәрте өз ардагерлеріне қамқорлық қолын созды.

Мұнай саласында жемісті еңбек етіп зейнетке шыққан жүзге жуық ардагерлер мен өндірістік жағдайында мүгедектікке шыққан жандарға азық-түлік өнімдерінен құралған әлеуметтік пакет таратылды. Әр зейнеткерге 90 келіге жуық азық-түлік өнімдері берілді. Оның ішінде ұн, қант, күріш, өсімдік майы, шәй, тағы басқа қажетті күнделікті өнімдер бар.  
Сыр өңірінің дамуына тың серпін беріп, ел экономикасының дамуына өзіндік сүбелі үлесін қосып келе жатқан ПҚҚР компаниясы мұндай игі шарасын жылына екі мәрте ұйымдастырады. Атаулы көмек биыл әз Наурыз мерекесіне орай үлестірілді.  
Ардагерлерді шуақты Наурыз мерекесімен компанияның кәсіподақ комитетінің басшысы Елеусін Дүйсенов пен жұртшылықпен байланыс жөніндегі менеджері Хұсайын Сәрсембаев құттықтап, сала ардагерлеріне жасалатын қамқорлықтың ауқымы алдағы уақытта бұдан да кеңейе түсетінін атап өтті.
Компания әлеуметтік-әріптестік аясында халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған жіктерін қолдауға, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт жүйесіне айрықша назар аударып келеді.   
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз