МҰНАЙШЫЛАРМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫ

64

0

Елбасымыз Н.Назарбаев: «Еліміз тәуелсіздік алғаннан
бері іргелі істерге толы тағылымды жолдан өтті. Осы уақыт ішінде біз қарқынды,
дамыған елге айналдық. Шикізаттық артықшылығымызды пайдаланып, өңдеуші секторды
белсенді дамыттық. Біздің мемлекетіміз
шетел инвесторларын әрдайым қолдап отыр. Соның арқасында елімізге 170 миллиард
доллардан астам тікелей шетел инвестициясын әкелдік. Экономикамызға салынған
бұл қаржы ел үшін де, инвесторлар үшін де пайдалы болды” деп атап көрсеткен болатын.

Елбасы айтса айтқандай, бүгінде Сыр аймағы да «қара
алтыны» тасыған, ақ маржаны жай­қал­­­­ған аймаққа айналып келеді. Соның бірі – Сырдария
ауданы. Қазіргі таңда ауданның эко­но­микалық-әлеуметтік ахуалы да айтарлықтай
дамуда. Айта кету керек, аудан аумағында мем­ле­кеттің әлеуметтік міндеттерін
орындау барысында осы аймақта орналасқан мұнай компания­­лары бизнестің
әлеуметтік жауапкершілігін арттыратын шараларды дамытуда үнемі үлес қосып жүр.
Сол үшін аймақ қойнауындағы байлықты өндіруде, тәжірибе алмасу мақсатында
шетелдік инвес­торлармен өзара тығыз қарым-қатынас орнатылған. Содан да «қара
алтынды» өңдеуші компания­­лар аудан экономикасына қомақты қаржыларын толассыз
құюда. Сондай-ақ, олар ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға,
тұрғындардың әл-ауқаттарын жақсартуға да баса назар аударып келеді. Бұған
қатысты жылма-жыл аудан әкімдігі мен мұнай компаниялары арасында екіжақты
келісім жасау дәстүрге айналған.

Ендігі сөз кезегінде мұнайшылардың аудан экономикасына
соңғы жылдары құйып жатқан қаржыларын саралап кө­релік. Атап айтқанда,
2004-2014 жыл­дар аралығында мұнай компаниялары ау­дан аумағындағы жер
учаскелерін пай­да­ланғандары үшін бюджетке 213 млн. теңге көлемінде төлемақы,
ал мүлік са­лығы негізінде 10 млрд. теңге көлемінде қаржы түсірген. Осы
қаржыларға аудан­дағы 93 білім саласы, 12 мәдениет саласы мен 17 мемлекеттік
органдар ғимараты, барлығы 122 нысан орта және күрделі жөндеуден өткізілсе, 81
мәдени-әлеуметтік ғимараттар жаңадан салынған.

Жоғарыда айтқандай, мұнайшылар аудан аумағында әлеуметтік
жауапкер­шілікті арттыруға, аудан тұрғындарының тұрмыстық жағдайларын
жақсартуға да баса мән беріп жүр. Қараңыз, еңбек және соғыс ардагерлері мен
тұрмысы төмен отбасыларын, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдауға, бұқаралық
спорт­ты дамытып, мәдени-көпшілік шаралар өткізуге 182 млн. теңге көлемінде
«Сыр­дария” қоғамдық қорынан қаржылай көмек берілген. Бір ғана дерек. Аудан
бойынша ақылы негізде оқитын 27 студенттің оқу ақылары мұнай компаниялары
есебінен төленіп жүр. Сондай-ақ, 250 Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагерлері
демалыс орындары мен шипажайларда тынықса, 47 мүмкіндігі шектеулі жандар мен
тұрмысы төмен отбасыларына қаржылай қолдау­лар жасалған. Республикалық және об­лыстық
ауруханаларда емделу үшін 50 адамға жолдама ақысын да мұнай ком­паниялары
төлеген.

Бүгінгі таңда Сырдария ауданы ау­ма­ғында 11 ірі мұнай
ком­паниясы жұмыс жасайды екен. Тағы бір құптарлығы, осы өндіріс орындары
ауданның 1086 азаматын тұрақты жұмыс­пен де қамтамасыз етіп отыр. Мұның өзі
Елбасы айтқандай, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арт­тырудағы екіжақты
ынтымақтастық жұмыстардың жемісі бол­са керек.

Жоғарыда айтқандай, жақында Н.Ілия­сов ауылында аудан
әкімі Ғ.Қазантаев бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі ая­сында 9 мұнай
компаниясының бас­шы­ларымен өңірді әлеуметтік қолдауға келісім жасап,
меморандумдарына қол қойды. Олар: «ПетроҚазақстан Құм­көл­ Ресорсиз” АҚ, «СНПС
Айдан Мұ­най”, «Қор” мұнай компаниялары, «ҚазГер­Мұнай” БК» ЖШС, «Кольжан” ЖШС,
«КАZРЕТROL GROUP” ЖШС, «Қуат­амлонмұнай” БК» ЖШС, «Саутс-Ойл” ЖШС, «Құмкөл-Көлік
қызметі” ЖШС-лары болатын. Меморандумға қол қою рәсіміне облыс әкімінің
орынбасары Ғ.Әмі­реев, облыстық мәслихат депутаты, Қазақстанның Еңбек Ері
А.Ералиев, жергі­лікті мәслихат депутаттары мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

Негізінен бизнес табыс­ты болса, қоғам да қарқынды
дамиды. Бұл тұрғыдан ал­ғанда, екі жақтың бір-бірімен қарым-қа­тынасы, өзара
байланысы өте өзекті. Ау­данның әлеуметтік-эко­но­микалық дамуына мұ­най
компанияларының қар­жы­лай көмек көрсетіп отырғанын тілге тиек еткен аудан
әкімі Ғ.Қазантаев, ау­дандық ардагерлер Ке­ңе­сінің төрағасы Х.Әбе­нов,
Қазақстанның Ең­бек Ері А.Ералиев мұ­най компаниялары басшыла­рына аудан халқы
атынан алғыс сезімдерін жеткізді.

Кездесу барысында мұ­­най компаниялары бас­шы­лары
ынтымақтастықпен бірлесе жұмыс жасайтын­дықтарын айтып, әрдайым қар­жылай
қолдау жасаудан қағыс қалмай­тындықтарына сенім білдірді.

Келісім кездесуінде меморандумға қол қойылған соң
облыс әкімінің орынбасары Ғ.Әміреев қорытынды сөз сөйлеп, осы бір үлкен
бастамаға жоғары баға беріп, бұл шараның басқа аудандарға да үлгі етерліктей
игілікті іс екенін атап өтті.

«Қара алтын» өңдеушілермен екі жақты келісім жасалуы
ел-халықтың несі­бесін молайтып, тұрмыс-тіршіліктерін тү­зеу­ге айтарлықтай
септігін тигізеріне сенім мол.

Еркін ӘБІЛ.

Сырдария ауданы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз