МОБИЛЬДІК ТОПТАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

48

0

Жаңақорғанды алған қарғын суға байланысты төтенше жағдайлар департаменті болуы мүмкін тасқын суға қарсы тұру шараларын жасап жатыр. Облыстық ТЖ департаменті шұғыл түрде мобильдік топтар құрып, Сырдария өзенінің арнасына мониторингтік бақылау жүргізуде. 
Мобильдік топтар Оңтүстік Қазақстан облысы шекарасынан бастап Арал теңізіне дейінгі аралықта Сырдария өзенінің бойына бөлінген күш-құралдармен сараптама жүргізеді. Мемлекеттік мекемелерден бөлінетін мобильді топтар су тасқыны барысындағы құтқару операциясына қажетті құралдармен және материалдық-техникалық жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Яғни, «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшақтарының ұшу бағдары, қону алаңдары мен жанар-жағармай құю орындары белгіленсе, сең жару жұмыстарын жүргізетін «ЮгВзрывПром» АҚ және «Казселзащита» мамандары Сырдария өзенінің арнасына 6 гидропост жасап қойды.
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз