МҰСТАФА ШОҚАЙ АТЫНДАҒЫ МЕШІТ

62

0

МҰСТАФА ШОҚАЙ АТЫНДАҒЫ МЕШІТЖаңа жыл қарсаңында Шиелі ауданының Сұлутөбе ауылдық округіне қарасты 1 Май елді мекенінде Алаш ардақтысы, қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай есімімен аталатын жаңа мешіт ашылды. 
Аллаға сыйынатын бұл имандылық  үйін облыстық мәслихат депутаты, танымал азамат Тілеуберген Шәутай өз демеушілігімен тұрғызып, ауыл адамдарының алғысына бөленіп отыр. Салтанатты ашылу жиынында аудан әкімі Мұрат Ергешбаев бұл секілді сауапты шаруалардың әлі де жалғаса түсетіндігін айтты. Жиын барысында облыс әкімінің орынбасары Ақмарал Әлназарова құттықтау сөз айтып, облыс әкімінің алғыс  хатын табыстады. Қоғам қайраткері Оңалбек Сәпиев, Әбдіжәлел Бәкір және ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы және басқалар өз тілектерін жеткізді. «Бұл жер тек намаз оқып, жаназа шығаратын орын ғана емес, ақсақалдарымыздың ақылдасып отыратын, елдің ынтымағына ұйтқы болып, алдағы ауқымды тірліктерге бағыт беретін киелі мекен болуы тиіс. Мешітке ел тәуелсіздігін аңсаған Мұстафа Шоқайдың есімінің берілуі өте құптарлық жағдай», деді Әбдіжәлел Бәкір өз сөзінде. 
Салтанатты жиын соңында арнайы құран бағышталып, ас берілді. 
Нұрмахан ЕЛТАЙ.
Шиелі ауданы. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз