ҮМІТКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУДЕ

48

0

Үстіміздегі жылдың 1 қазанында ҚР Пар­ла­­менті Сенаты депутаттары­ның
сай­лауы өтетіні белгілі. Бұл күндері депутаттыққа үміткерлер аймағымызды
аралап, жергілікті мәслихат депутаттарымен кездесулер өткізуде.

Аптаның дүйсенбісі күні Сенат
депутаттығына үміткерлер Шиелі, Жаңақорған аудандарында болып, халық
қалаулыларын өздерінің кандидаттық бағдарламаларымен таныстырды және бірқатар
сауалдарға жауап берді. Кездесулерге аудандық мәслихаттың депуттары және БАҚ
өкілдері қатысты.

Жиынды облыстық сайлау комиссиясының
хатшысы Н.Қожамжаров жүргізіп, сайлау тәртіптері және үміткерлермен таныстырды.
Бұл сайлауда 29 облыстық, 19 қалалық және 98 аудандық, барлығы 146 мәслихат
депутаттары дауыс беретін болады. Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары 12 қыркүйектен
басталып, 29 қыркүйек күнгі түнгі сағат 24-ке дейін созылады.

Бұл жолғы Парламент Сенаты депутатты­ғына
үміткерлікке 3 адам, Бекмырза Еламанов – облыстық мәслихат хатшысы, Әшім
Оразбекұлы – Шиелі ауданы мәслихат хатшысы және Серікбай Өмірзақов – «Ы.Жақаев
атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-ның бас
директоры түсіп отыр. Бұл азаматтардың қай-қайсысы болса да, өмірлік
тәжірибелері мол, мемлекеттік саясатты жетік білетін аймағымызға танымал
азаматтар.

Нұрмахан ЕЛТАЙ.

Шиелі, Жаңақорған аудандары.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз