МҰЗ МҰҚАЛЫП, СЕҢ ЖҰҚАРДЫ

75

0

Сырдария өзені бойындағы сең көшкіні нақты кезеңде Шиелі ауданының Жөлек ауылы тұсынан өтіп жатыр. Жылы ауа әсерінен дария бетіне қатқан мұздың қысқы күнгідей қаттылығы жоқ, қартайған, боркемік тартқан жағдайы бар. Оның үстіне аптаның бейсенбісіне басталған көктемгі жауын сіркірі де төбесінен төпелеп, жұқартып барады. Сондықтан дарияның иінді тұстарында ұстаса кетуге қауқарсыз сең, артына қарауға мұршасы келмей, бірін-бірі қуалап ағыспен төмен қарай асыға жөңкіп жатыр. 
Дариядан қазіргі уақытта секундына 500 текше метр су ағуда. Арна толғанымен, айналаға келер қауіп байқалмайды. Оның үстіне облыс әкімінің су тасқынын болдырмаудың сақтық шараларына сай Жаңақорған мен Шиелі аудандарындағы көлдер мен каналдарға кестеге сай су жіберілуі де қатаң тәртіппен өткізілуде. Демек, тұрғындардың алаңсыз өз тіршіліктерімен шұғылдануына мүмкіндік бар. 
Нұрмахан ЕЛТАЙ. 
Жаңақорған, Шиелі аудандары.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз